Басты » Қоғам » Кітап – адамзатты рухани байытатын құрал

Кітап – адамзатты рухани байытатын құрал

Ал оны оқырмандарға жете түсіндіру кітапханашылардың басты міндеті. Осы мақсатта мамандар тәжірбие алмасу үшін Отырар кітапханасында бас қосты. Семинарға облыстың барлық аудандарынан 200-ден аса қызметкер қатысып, ауыл кітапханаларының жай – күйін талқылады.

2018 жылғы кітапханалардың басты бағыты оқырмандарға жаңа үлгіге сай қызмет көрсету. Яғни, кітаптапхананы озық үлгідегі технологиямен қамтамасыз ету. Өңірде 427 кітапхана жұмыс істесе, оның 180-і ғана компьютерлік техникамен жабдықталған. Ал олардың 127 – сі ғана интернетке қосылған.

Асылхан Темірхан

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқарма басшысының міндетін атқаушы.

Жалпы кітапханалар да әлі де болса бірқатар кемшіліктер бар. Өйткені заманның талабы сондай. Заман ағымына қарай, жалпы оқырмандарға қызмет көрсетудің сапасы артуы керек. Сондықтан бізде әлі де мынау ауылдық кітапханаларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесі артта қалып бара жатыр.

Ауыл кітапханаларын көркейтіп дамыту үшін ескірген сөрелер мен құрал-жабдықтарды жаңарту керек. Осы тұрғыда облыс әкімдерімен бірге жүйелі жұмыстар атқарамыз,- дейді Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшылығы

Асылхан Темірхан

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқарма басшысының міндетін атқаушы.

Қазіргі таңда жыл сайын біз аудан,қала әкімдеріне тиісті хаттар жіберіп, басқарманың алқа мәжілісінде осы мәселелер қаралып жатыр.

Семинарға қатысушыладың бірі Сайрам аудандық орталық кітапханасының директоры Аршатгүл Тәукебаева. Сайрам ауданында 17 ауылдық кітапханамен қатар, 2 орталық кітапхана жұмыс жасайды. Айтуынша аудан кітапханасына келген жас мамандар семинарларға қатысын, біліктіліктерін арттырып тұрады.

Аршатгүл Таукебаева

Сайрам аудандық орталық кітапханалар жүйесінің директоры.

Бүгінгі күні біз Отырар кітапханасына келіп, мына Елбасымыздың болашаққа бағдар, рухани жаңғыру мақаласы аясында ұйымдастырылған үлкен семинарға қатысып отырмыз.Кітапханадан біз іс-тәжірбие алуға үнемі келіп тұрамыз.

Бүгінде облыстағы кітапханаларда оқырмандар саны 639 мыңға жеткен. Ал өңірдегі кітап қоры биыл тағы 100 мың жаңа кітаппен толыққан.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*