Балаларға арналған оңалту орталығының мамандары „Кинестетикс„ әдісін меңгеруде - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » Балаларға арналған оңалту орталығының мамандары „Кинестетикс„ әдісін меңгеруде

Балаларға арналған оңалту орталығының мамандары „Кинестетикс„ әдісін меңгеруде

Халықаралық жаттықтырушылар оқыту курсын бір апта бойы жүргізеді. Нәтижесінде бүлдіршіннің мүгедектік дәрежесі едәуір төмендетіледі. Тіпті денсаулығындағы кінәрәтін жоюға сеп болады екен. Оқыту барысында германиялық мамандар науқас балаларды қабылдап, ата-аналарға кеңес береді.

Кинестетикс әдістемесі мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалысын дамытуға және арттыруға көмектеседі. Бұл ғылым Еуропа елдерінде 30 жыл бұрын енгізілген. Шымкентке Германиядан келген халықаралық жаттықтырушылар облыстағы жалпы 4 оңалту орталығының мамандарына бар білгендерін үйретуде. Еуропалық деңгейдегі қызмет түрін көрсетуге бағытталған оқыту шарасы бір аптаға созылады. Мұндай шараны республика көлемінде алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырып отыр.

Айнұр НЫСАНБАЕВА

1 облыстық балалар оңалту орталығының невропотолог дәрігері

11- германиядан келген Норберт пен Лилия ханым кинестетикс курсын үйретіп жатыр. Осы курсты үйрету барысында көзқарасым түбегейлі өзгерді. Мәселен алдында біз баланың өз еркінен тыс жұлқылап, көп күш жинап емшара қолданған болсақ, осы курста біз баланың өз еркімен баяу өз денесін түсініп, өз мүмкіндігін бағалау арқылы, саол шараға ата ананы қосу керектігін түсініп, білдім.

Бір жастағы Даниал Майра Сарабаеваның үшінші перзенті. Оның ұлына мидың қан айналымы бұзылған деген диагноз қойылған. Оңалту орталығына келгенде бүлдіршін еңбектемек түгілі, қолына тікте тұра алмапты. Мамандардың әр баламен жеке жұмыс жүргізуінің нәтижесінде кішкентай Даниалдың денсаулығында оң өзгерістер орын алған, дейді анасы. Майра Сарабаева Германиялық тренерлерден кеңес алып, алдағы уақытта балаға дұрыс күтім жасаймын деп отыр.

Майра САРАБАЕВА

Даниалдың анасы

Бірақ нәрсе біліп қалдым. Баланы қалай дұрыс ұстау керек. Қалай жатқызу, отырғызу керек. Өзінің этаптары болады екен. Біз жұлқып ала саламыз ғой. Олай істемеу керек екен.

Кинестетикс оқыту курсы үш кезеңнен тұрады. Алғашқысы 27 қаңтарда аяқталады. Ал сәуір айында Германиялық жаттықтырушылар екінші кезеңін өткізу үшін шаһарымызға ат басын бұрады. Облыста бұрын-соңды сәбилерге арналған мұндай оңалту орталығы болмаған. Сондықтан тұрғындар балаларын Астана мен Алматы қалаларында емдету үшін жылдап кезекке тұруға мәжбүр еді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*