Басты » Қоғам » Биылдан бастап әр ауылдық округтың жеке бюджеті болады

Биылдан бастап әр ауылдық округтың жеке бюджеті болады

Жаңа жылдан бастап еліміздің салық кодексіне бірқатар өзгертулер енгізілді. Яғни бұдан былай әрбір ауылдық округының жеке бюджеті болады. Сондай-ақ енді қозғалтқышы жоғары автокөліктерге төленетін салықтардағы жеңілдіктер жойылады.

Салық кодексіндегі жаңалықтарды облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мамандары БАҚ өкілдері арқылы халықққа насихаттады. Кодекске енгізілген өзгерістің бірі автокөлікке төленетін салықтардағы жеңілдіктің жойылуы. Яғни бұған дейін азаматтар өздерінің жоғары көлемді қымбат көліктерін „Ұлы отан соғысы ардагерлері„ „Батыр аналар„ мүгедектер мен көп балалы аналардың атына жазып, салықтан босаталып келсе, енді жаңа заңға сәйкес бұл жеңілдіктер тоқтатылатын болды.

Мейрамбек Көкенов

ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Өндірістік төлемдер бөлімінің бас маманы

«Жаңа қабылданға кодексте бізде бұрын арнаулы салық режимінде оңайлатылған потент және шару қожалығы болатын болса, тағы бір тіркелген шегерімді пайдалау арқылы салық салу режимі қосылып отыр. Яғни бұл жерде 50 адамнан аспайтын қызметкерлері бар және 12260 айлық.»

Тұлғалардың жер және көлік салығынан бөлек тағы табиғи теріден жасалған киімдер салығына да өзгерістер енгізілген. Яғни ішік және тон саудасымен айналысатын кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға. Бұдан былай былғары өнімдерін сататын саудагерлер цифрлы қолтаңба алып, ақпараттық жүйеге тіркелуі қажет.

Алмас Керімбеков

Жанама салықтарды әкімшіліктендіру басқармасының бас маманы

«Бұл жерде әрбір табиғи теріні сәйкестендіру бойынша электронды цифрлы қолтаңба алынып, ақпарат жүйеге тіркелу қажет. Одан кейін ЖС1 Қазақстан қауымдастығы бар сол жерге тіркеледі. Сонымен қатар тауарларды таңбалау үшін ақпараттақы жүйеге кіріп, әрбір бақылау сәйкетендіру белгісіне тапсырыс береді. Соңында мынау жаңа айтып отырған сәйкестендір нөмірі алынып, әрбір табиғи теріге жабыстырылып, сатылымға қойылады.»

Сонымен қатар мамандардың айтуынша, биылдан бастап әр ауылдық округтың жеке бюджеті болады. Яғни келекшекте ондағы салықтардың барлығы дербес қазынаға құйылады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*