Басты » Қоғам » Мұғалімдер мемлекеттік қызметшілерден эстафетаны қабылдады

Мұғалімдер мемлекеттік қызметшілерден эстафетаны қабылдады

Ұстаз-жаңалықтың жаршысы. Мұғалімдер мемлекеттік қызметшілерден эстафетаны қабылдады. Оңай әрі жылдам қызмет көрсету түрін енді мұғалімдер де жетік меңгеруге ынталануда. Сондай-ақ олар мемлекеттік қызмет түрін оқушылар мен ата-аналарға дұрыс түсіндіріп, кеңінен насихаттауға ниеттеніп отыр.

Жуырда ғана облыстың 8 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілері электронды порталда қызмет алуға кіріссе, бұл эстафетаны енді мұғалімдер қабылдады. Мамандардың айтуынша бұл баламалы қызмет түрі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі. Мәселен: балабақша кезегіне тұру үшін арнайы мекемелерге барып басшыларымен тілдеспей ақ, үйде отырып ғаламтор арқылы бітіруге болады.

Әли Көмекбаев

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департамент басшысы

Мынау халықпен бизнеспен қарым-қатынастарды цифрлық технологияға айналдыру керек. Сол себепті қызмет алушы мен қызмет берушінің екеуі нақты бір-біріне жолығып, кездескендігі.Сол жерден сыбайлас жемқорлық туындайды. Ал басты мақсат соларды жолықтырмау.Ал енді соған үлкен мүмкіндік беретін ол цифрлық технология.

Іс-тәжірбиелік семинарға қаладағы 130 мектептің басшылары мен информатика пәнінің мұғалімдері қатысты. Барлық ынтасымен ден қойып тыңдаған мұғалімдер бұл жағымды жаңалықты енді өз мектептеріне барып түсіндіреді.

Гүлмира Молдаханова

2 кешкі мектептің директоры

Бұл мастер класстың бізге беретіні өте көп. Бұл жерде енді шындап келгенде функционалдық сауаттылықты арттыру. Біз мектеп басшысы ретінде өзімізден бастауымыз керек және оны өзіміздің қарамағымызда қызмет атқарып жатқан әріптестеріміз мұғалімдер, олардан тәлім-тәрбие алып отырған шәкірттер. Осылардың барлығын қала берді ата-аналарымыз осы енгізіліп жатқан жаңалықтардың барлығын біз арқылы үйренсе, функционалдық сауаттылықтарын арттырып жатса, ол нұр үстіне нұр.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мамандары бұл жобаны мықтап қолға алған. Электронды қызмет түрін әрі қарай дамыту үшін сала мамандары денсаулық сақтау басқармасына да насихаттауды жоспарлап отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*