Басты » Мәдениет » „Көркем„ әжелер тобы тыңдармандарын таң қалдырды

„Көркем„ әжелер тобы тыңдармандарын таң қалдырды

Әнім саған — туған ел„. Күнгейдің „көркем„ әжелері тыңдармандарына есеп берді. Төл өнерді дәріптеп, салт-дәстүрді насихаттап жүрген аналар 20- ға жуық бейнероликке түсіп, облыстық телеарналарға сұхбат берді. Ұлтжанды әжелер, енді елбасының „Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру„ мақаласын насихаттауға да өз үлестерін қосты.

Ұлттық өрнекпен әрленген бүрмелі көйлек, ажарды арттырар кимешек. Қазақы қалпын сақтап, халық әндерін әуелетіп жүрген әжелердің игілікті ісі өскелең ұрпаққа өнеге. Жүрегі ел деп соққан дарынды аналар, салт-дәстүрді насихаттап, ұлттық рухты көтерер сәттерде тосылып қалған емес. Облыстық арналарда сұхбат беріп, көрермендерін ізгілікке, ұлт құндылығын сақтауға үндеп келеді.

Көркем„ әжелер тобы

Бұл рухани жаңғыруға қосып жатқан үлесіміз деп есептеймін. Өйткені, көркем әжелер тек ән айтып қана қоймай, әдет-ғұрыпты көрсетіп, жастарға насихат жасаймыз. Ұлы Абай, Шоқан бәрі әжелердің ертегісімен,солардың тәрбиесімен өскен.

Көркем„ тобындағы алты әже әр саланың үздіктері. Олар білім беру, денсаулық сақтау салаларында тыңғылықты еңбек еткен. Елдің демографиясын көтеруге де үлестерін қосып, көпбалалы ана атанды. Отбасының ұйытқысы болып, зейнетке шығып, өнер айдынына қадамдарын басты.

Ару әжелердің өнерін бір арнаға тоғыстырған топ 2013 жылы Сайрам ауданында құрылған. Олар 5 жыл ішінде елдің бірқатар облыстарын аралаған. „ЭКСПО — 2017„ мамандандырылған көрмесі аясында өткен халықаралық экономикалық әйелдер форумына қатысқан. Әлемнің әр түкпірінен жиналған нәзікжандыларға, қазақтың салт — санасын көрсетіп, әдет ғұрыпын танытқан. Арнайы марапатқа ие болған. Еңбектері еленіп келген аналардың концертте қуаныштары еселене түсті.

Әнім саған — туған ел„ концертіне облыстық Қазақстан халықтарының ассамблеясы аясында құрылған этно-мәдени топтар да келіп, өз өнерлерін паш етті. Барлығы қазақ тілінде әндерін шырқап, кешке айырықша леп берді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*