Басты » Қоғам » Ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізуге ерекше мән берілуде

Ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізуге ерекше мән берілуде

Мәселен осы саладағы бір бағдарламаның өзіне қазынадан 11 млн теңге қаржы бөлінген. Мақсат күнгейден шығатын өнімдердің сапасын арттырып, экспорттың көлемін ұлғайту.

Конференцияға арнайы келгендердің бірі Манас Бекбауов. Кәсіпкер „қаракөл„ тұқымды қойды өсіруді мықтап қолға алған. Кеңес одағы кезінде көп тараған қойдың бұл түрі қазір көп өсірілмейді. Дегенмен асыл тұқымды төрт түлікке шет елдерден сұраныс көптеп түсуде. Сондықтан кәсіпкер осы істі барынша жандандыруға ниетеніп отыр.

Манас Бекбауов

кәсіпкер

Біз осы қазір Шымкент қаласының айналасындағы ауылдарда 3 мың баспен бастап, келешекте 3 жылдың ішінде 15 мың басқа жеткіземіз деп отырмыз. Бірінші бастапқыға әзірге 50-60 миллион жобасында несие алып жатырмыз.

Оңтүстік аймақтық инвестициялық орталығында „Жас кәсіпкер„ атты жаңа бағдарлама да қолға алынған. Ол бағдарлама жас мамандардың ой-пікірімен, жобаларын жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылған. Сол себепті ұтымды ұсынысы бар мамандардың жобасын жүзеге асыру үшін әрбір студентке 2 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

Қуаныш Байтөре

«Оңтүстік» АИО Басқарма төрағасы

«Жас кәсіпкер» деген жобамыз бар. Біздің орталық ешқандай бір кепілдіксіз, қайтарымсыз, төлемсіз жас студенттерге 2 миллион теңгеге дейін қаржы бөліп жатыр. Осы саланы дамытам деген студенттерге барынша жағдай жасаймыз.

Жиында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізу, бизнес құруда иyновациялық тетіктерді пайдалану бағытында ұтымды ойлар мен тиімді ұсыныстар айтылды. Жиын соңында Фермерлер одағы мен «Оңтүстік» аймақтық инвестициалық орталығы арасында ынтмақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*