Басты » Қоғам » Шымкенттегі дәмханалардың бірінен тағы да өрт шықты

Шымкенттегі дәмханалардың бірінен тағы да өрт шықты

Оқыс оқиға 29 қаңтар күні кешкі сағат 7-лер шамасында Тәуке-хан даңғылындағы жылдам тамақтану орталығында орын алған. Белгілі болғандай, өрт бастапқыда асханадан ұштанған. Алғашында абдырап қалған қызметкерлер кейін қолдарына өрт сөндіру құралын алып, тілсіз жаудың бетін қайтаруға тырысқан. Көп кешікпей, төтенше жағдай қызметі де келіп жеткен. Оқиағадан зардап шеккендер жоқ.

Алдын алу жұмыстарының арқасында, орталық қожайынына қомақты шығын келтірілмеді.

—————————————————————————————-

Келесі оқыс оқиға жол бойында тіркелді. Қонаев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жол көлік оқиғасы орын алды.

Қолда бар ақпараттарға сүйенсек, „БМВ„ автокөлігінің жүргізушісі тізгінді игере алмай, көше бойындағы бағаналы шамдардың біріне соқтығысқан. Көліктің техникалық жағдайынан оның қатты жылдамдықпен жүйткіп келгенін аңғаруға болады. Қуанышқа орай көлікте болған екі азамат та дін аман. Оларға дәрігерлердің көмегі қажет болмады. Ал оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары жол апатының себеп-салдарын анықтауда. Енді көлік иесіне өзінің темір тұлпарын жөндеп қана қоймай, мемлекетке келтірілген шығынды да өтеуге тура келеді.

—————————————————————————————-

Оқыс оқиға ма әлде салғырттық па? Жуырда Шымкенттегі газ орнату орталықтарының бірінде „Лада Ларгус„ жеңіл көлігі өртке оранды. Көлік иесінің айтуынша, ол орталыққа темір тұлпарының филтірін ауыстыруға барған. Алайда ондағы шебер бактың қақпағының ашық болғанын байқамай жұмысын жалғастыра берген. Осы кезде өрт тұтанып, арты қызыл жалынға ұласқан.

Алғашында көлік иесі мен шебер тілсіз жауды ауыздықтауға тырысты. Кейіннен өрт сөндіру қызметінің көмегіне жүгінді. Алайда өрт сөндірушілер келгенде көліктің 40 пайызы жанып кеткен еді. Жәбірленушінің айтуынша, көлікке келтірілген шығындарды көлік шебері өтеп беруі тиіс.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*