Басты » Қоғам » Оңтүстікте облыстың бас жоспарына сай келмейтін құрылыс нысандары азаймай тұр

Оңтүстікте облыстың бас жоспарына сай келмейтін құрылыс нысандары азаймай тұр

Тұрғындардың басым бөлігі, қазығы қаланар ғимарттың эскизін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен бекітпейді. Салдарынан, өз беттерінше құрылыс жүргізіп, заңға қайшы келеді. Бұл туралы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлімдеді.

Өңірде халық қоныстанған 842 елдімекен бар. Өткен жылы аймақтарды дамытып, құрылыс жүргізу бойынша 113 жоба әзірленіп, көрсеткіш 64 пайызды құрады. Осылайша, Оңтүстік өңірі республика бойынша үздік 5-ке енді. Ал, 2018 – 2020 жылдарға бекітілген кестеге сай, күнгейде 3 жыл ішінде 103 жоба әзірленуі тиіс. Нәтижесінде көрсеткішті 96 пайызға жеткізіп, көш бастамақ.

Бақтыбай Дүйсебеков

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары

Жеке үй коммерциялық үй болса, олардың барлығы алдымен олардың эскиздық жобасына сәулет бөлімдері келісуі қажет. Өкінішке қарай, 4500 сәулет жоспарлауға тапсырма беретін болсақ, оның 391 эскиздық жобасы бекітілген.

Бақтыбай Дүйсебековтың айтуынша, кездесетін мәселелердің басым көпшілігі белгіленбеген жерге құрылыс жүргізумен байланысты. Яғни тұрғындар өз қалауларынша бас жоспарға сай келмейтін жерлерге нысандар тұрғызуды қалайды. Салдарынан түсініспеушілік пайда болады.

Бақтыбай Дүйсебеков

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары

Азаматтар бір спорнсор тауып алады да мен мына жерге мешіт салуым керек дейді. Бас жоспарға сәйкес, сол жерде көше немесе әлеуметтік нысан салынуы керек. Барынша түсіндіреміз, бұл емес басқа жерде салайық деп. Жоқ Мен ол жерде салмаймын дейді.

Оңтүстік — тарихи, мәдени нысандарға бай өлке. Әр тасына өткеннің белгісі тұнған өңірде тарихи нысандарды сақтап, қайта жаңғырту қолға алынбақ. Яғни, биыл 30-дан астам сәулеттік нысанның жобасы әзірленбек.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*