Басты » Қоғам » Зейнеткер өз үйіне емін-еркін кіре алмай әділдік іздеп шарқ ұруда

Зейнеткер өз үйіне емін-еркін кіре алмай әділдік іздеп шарқ ұруда

Қарияның үйінің алдындағы жерді өзге біреулер сатып алып, көршілерін қақпасынан шығармай қойған. Тіпті қақпа алдына қойылған алып тастардан көшеге шығу мүмкін емес. Үйінде еріксіз қамалған зейнеткер билік өкілдерінен көмек сұрайды.

Сексен жасында сергелдеңде түскен зейнеткердің сот қызметкерлеріне өкпесі қара қазандай. Әжей өзінің 8 соттық жерін 2006 жылы әкімшіліктің қаулысымен заңдастырып алған. Алайда 4 жылдан бері өзінің қоршалған ауласынан көшеге шыға алмай жүр. Себебі жаяу жүргіншілер жолымен қақпа арасындағы 8 метрлік жерді Абдулла Саипов есімді азамат сатып алған.

Сырға Тәжібаева

зейнеткер

Дарбазамның алдына трактормен 4 тас қойып қойған мінекей. Дарбазам ашылмайды. Үйімнен шыға алмаймын, құрылысым 3 жылдан бері тоқтап тұр. Облыстық соттың төрағалары сатып алған адамды қолдап отыр. Ал, сонда менің көшем қайда? Қайда шығам? Менің құжаттарымның бәрі дұрыс. Тайға таңба басқандай.

Сырға Тәжібаева шұғыла мөлтек ауданы Қазына көшесіндегі 67-ші үйде тұрады. Үй иесі әділдік іздеп осыған дейін талай мекеменің табалдырығын тоздырған. Әжейдің мәселесі сот отырыстарында бірнеше рет қаралып, нәтижесінде шешім көршісінің тарапына шешілген. Зейнеткер бұл шеміммен мүлдем келіспейді

Сырға Тәжібаева

зейнеткер

Жақында Отырар телеарнасынан облыстық соттың төрағасы Тамара Исмайлова деген азаматша сөйледі. Қызыл сызық заңсыз деп. Ал бірақ облыстық сот жерді сатып алған адамды жақтап отыр. Сонда жаңағы тротуар, жолдың барлығы қызыл сызық болмай немене?

Облыс әкімі 1 жыл бұрын мәселенің шешімі табылатынын айтып, БАҚ арқылы жауап берген. Алайда, одан бері әлі ештеңе өзгермеген. Қоғамдық қабылдауда жер инспекциясының басшылары сотқа арыз жолдаймыз деп сендірді. Енді бұл мәселе сотта қайта қаралатын болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*