Басты » Қоғам » Оқушылар керексіз болып қалатын мамандықтарды атады

Оқушылар керексіз болып қалатын мамандықтарды атады

Аудармашы, саясаттанушы және кітапханашы мамандықтары жойылады. Осылай деген Назарбаев инттелектуалдық мектебінің оқушылары демалыс күні қаламызда «Ted x» өткізді. Әлемдік практикада қолданыста жүрген жоба бұған дейін тек студенттер арасында өткізілетін. Енді Шымкенттегі Назарбаев мектебінің шәкірттері оқушылар арасында да аталған шараны алғашқылардың бірі болып бастап отыр.

«Ted x» бұл мектеп немесе жоғарғы оқу орнының студенттерін мазалаған тақырыпты ортаға шығып, көпшілік алдында айтуы. Бұл жоба бұған дейін ел студенттерінің арасында өткізіліп келсе, енді мектеп оқушылары да олардан қалыс қалмайды. Аталған іс-шараны алғашқы болып бастаған Назарбаев мектебі. Бұған дейін білім ұясында өткен жоба, енді қалалық дәрежеде ұйымдастырылып отыр.

Рауза Үсенова

«Тедекс» жобасының үйлестірушісі

«Шындығында «Ted x» жобасы жайлы мен Назарбаев мектебіне келгеннен кейін ғана білдім. Басында оқушыларға ғана емес менің өзіме тың әрі ерекше дүние болып көрінді. Себебі, біз балалардың көпшілік алдына шығуына үйренгенбіз. Олар, ән айтады, билейді тағысын тағы. Бірақ балаларды тағы қандай мәселе толғандыратынын, олардың нені айтқысы келетінін ойлай бермейміз. Жаңа идеялар мен тың тақырыптарды қозғайтын мұндай іс-шаралар оқушыларға керек».

Жастар ресурстық орталығында өткен «Ted x» те барлығы 4 қатысушы көпшілік алдына шықты. Олар жоғарғы сынып оқушылары. Бұқараны көбіне толғандыра бермейтін тақырыптарды қозғағандар, өздерін күпті еткен сұраққа жауап іздеген. Мәселен, болашақта керексіз болып қалатын мамандықтар. Ізденушілер жойылатын мамандықтардың қатарына саясаттану, аудармашы саласын кіргізген екен. Одан бөлек жаңашылдықты ту еткен жандар психологиялық жедел жәрдемнің не екендігін сұрады.

Камила Қождан

қатысушы

«Менің қазір қорғайын деп жатқан тақырыбым мені көп уақыттан бері мазалап келе жатқан тақырыптардың бірі. Және менің мақсатым осы өзімнің зерттеген тақырыбымды баршаға, көрерменге жеткізу. Және өзімнің тақырыбымның маңыздылығын баршаға түсіндіру.»00:24-01:05 «Менің ойымша менің тақырыбымнан кейін жалпы сахнадағы көріністен кейін, көрермендер өздеріне психологиялық денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін түсінеді деп ойлаймын»

Шымкентте өткен мектеп оқушыларының «Ted x» не Назарбаев мектебінің оқушыларынан бөлек, орта білім ұясының шәкірттері де қатысты. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар жоба ауқымын кеңейтуді жоспарлауда. Ауыл -аймақта да озық ойлы жастардың бар екендігін ескерген жетекшілер ендігі «Ted x» облыс көлемінде өткізбек.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*