Басты » Қоғам » „Зерде„ республикалық байқауында Шымкенттің 9 оқушысы жүлдемен оралды

„Зерде„ республикалық байқауында Шымкенттің 9 оқушысы жүлдемен оралды

Ер Төстік ертегісіне есеп құрастырып жеңіпаз атанған оқушы білім бөлімінің басшысымен кездесті. 4-сынып оқушысы өз туындысында әдебиет пен математиканы ұштастыра білген. Сол арқылы әділ-қазыларды таңқалдырып, республикалық байқауда жүлделі 2-орынмен марапаатталды.

Киіз үйде 12 қанат болады. Оның жарты шеңбері жарты ай жаз, екінші жарты шеңбері алты ай қыс. Керегенің 30 тор көзі 1 айда болатын 30 күн. 12 айды 30 тор көзге көбейтсең, 360 күн болады екен. Жетпейтін 5 күн, осы киіз үйге қонақ болып келетін қонақтар. Сонда бір жылда 365 күн бар екен. Және де шаңырақтың қақ ортасы ол математикадағы қосу белгісі.

4-сынып оқушысы өзінің құрастырған бұл шаңырағын Ерназар шаңырағы деп атаған. Ер Төстік ертегісіне сүйене отырып жасалған киіз үйіне математикалық есептер де құрастырған. Осы арқылы бізге жеткен ескі аңызды математикалық жолмен жаңғыртқысы келеді. Жас дарын бұл байқауға 1 жыл көлемінде дайындалған. Алдағы уақытта түрлі есептерге арналған кітапшалар құрастырып, сыныптастарына ұсынуды жоспарлап отыр.

Сабина Мырзабаева

65 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы

Бұл жобада мен халқымыздың ұлттық ойындарына, дәстүрлеріне есептер құрастырып, оларды түрлі әдіс-тәсілмен шешудің жолдарын таптым. Маған осы 13-ші республикалық „Зерде„ конференциясына қатысу қызықты болды. Менің қарсыластарым да өте жақсы дайындалған.

13-ші рет ұйымдастырылып отырған „Зерде„ республикалық байқауы биыл Ақмола облысының Щучье қаласында өтті. Байқауға облыстан 18 оқушы жіберілсе, оның ішінде 9 оқушы жүлделі орындарды иеленген. 2-7 сыныптардың дарындылары жиналған байқау 29-30 қаңтар аралығында өткізілген. Жеңіспен оралған жас бүлдіршіндерді білім басшысы арнайы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Жанат Тәжиева

Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы

Бұл сіздердің жұмыстарыңыздағы ең алдыңғы бастама. Сіздерің өмірлеріңізде әлі бұдан да көп жарыстарға қатысасыздар. Қазірдің өзінде осындай үздік оқушы атанып, барып келгендеріңіздің өзі сіздер үшін үлкен жақсылықтың нышаны.

Бауқадан үлкен әсер алып шабытпен оралған дарынды оқушылар, ғылыми жобаларын ары қарай дамытуға уәде берді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*