Басты » Қоғам » Оңтүстіктің өнімдері шет елге экспортталады

Оңтүстіктің өнімдері шет елге экспортталады

Бұдан былай Ресейдің танымал «Фудсиб» сауда кешеніне күнгейдің ауыл шаруышылығы өнімдері тұрақты түрде жіберіліп тұрады. Осыған орай шет елдік инвесторлар үшінші мегаполиске табан тіреді. Кездесуде екі ел арасындағы сауда-саттық қатынасты дамыту мәселелері сөз болды. Толығырақ тілші тарқатады.

Өткен жылы «Фудсиб» сауда кешені мен „Оңтүстік„ аймақтық инвестициялық орталығы арасында келіссөздер жүргізілген болатын. Нәтижесінде „RIG ON EXPORT„ бағдарламасы іске қосылған. Аталған келісім аясында Новосібір қаласына өңірдің мың тоннаға жуық ауылшаруашылығы өнімдері жөнелтілген. Алайда,бұл жоба биылдан бастап тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Дмитрий Терешков

«Фудсиб» сауда-кешенінің инвесторы

«Фудсиб» сауда орталығының мүмкіндігін Оңтүстік Қазақстандық тауар өндірушілер тиімді пайдалану мақсатында маңызды мәселелерді талқылайтын боламыз. Бұл кездесу екі жаққа да тиімді болатынына сенімім мол.

«Фудсиб» сауда-кешені Ресейдің Новосібір қаласында орналасқан. Компания ТМД елдері мен Ресейдің өзге де аймақтарынан азық-түлік тауарларын тасымалдайды. Мұнда жылына 120 мың тоннаға жуық көкөніс пен жеміс-жидек саудаланады. Аталған кешеннің инвестициялық құны – 5,8 млрд теңгені құрайды. Биыл бұл сауда кешеніне өңірімізден шамамен 5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жіберу жоспаралынып отыр.

Нұрлан Құралов

«Аманкелді» ЖШС директоры

Мына бүгінгі кездесудің маңызы өте зор деп ойлаймын. Себебі Новосібір қаласындағы ең ірі сауда орнының басшылары келіп, тікелей келіссөздер жасалды. Новосібір қаласының 15 миллион тұрғыны бар.Бұл біздің бүкіл Қазақстан тұрғындарын құрайды.Сондықтан ол жерге барған товарлар көп жатып қалмайды. Тез арада сатылып кетеді.

Ресейден келген делегттар сапар соңында ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған „RIG ON KORME„ атты тұрақты көрме-жәрмеңкесін тамашалады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*