Басты » Қоғам » Бас дәрігердің былығын ашамын деп ақыры өзі сотталып кетті

Бас дәрігердің былығын ашамын деп ақыры өзі сотталып кетті

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасы атышулы жедел жәрдем стансасының көлік жүргізушісіне қатысты шешім шығарды. Осыған дейін Еңбекші аудандық сотында бас дәрігерді парақор деп айыптаған Әлішер Тұрсынқұлов қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша айыпты деп танылып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру мен қатар мүлігін тәркілеу жазасы кесілген еді. Аппеляциялық шағым барысында аталған үкімге өзгерістер енгізілді ме?

Жедел жәрдем стансасының бас дәрігері әрі қалалық мәслихат депутаты Гүлнәр Құрманбекованың 16 жыл жүргізушісі болған Әлішер Тұрсынқұлов былтыр сәуір айында бастығының қылмыстарын тізбектеп ғаламторға шыққан еді. Ауызбастырық бергендерді ғана жұмысқа алады деп, ал арадағы делдал ретінде өзінің амалсыз ақша тасығанын айтып ұлттық қауіпсіздік комитетінен өзін және отбасын қорғауды сұраған. Бірақ содан кейін өзінің басы дауға қалды. Бас дәрігер бұл ақпаратты жоққа шығарып, бұрынғы жүргізушіне қарсы арызданған еді.

Гульнар Курманбекова

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері

«Ол маған, сіздің атыңыздан адамдарды алдап, жұмысқа орналастырамын деп ақша алдым деп айтты. Тіпті сенің күнің осымен бітті, деп мені бопсалап, ақша талап етті. Мен жақ ашпадым. Бұл іске тергеушілерді қосқым келмеді.

Сөйтіп Тұрсынқұловтың өзіне «пара алу» және «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Өткен жылдың 29 желтоқсанында Еңбекші аудандық соты жүргізушіге қатысты үкім шығарды. Бастығыма тасыдым дегенін дәлелдей алмаған Әлішерге 8 жыл бас бостандығынан айыру, мүлігін тәркілеу және өмір бойы мемлекеттік мекемеде қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағылған еді. Алайда айыпталушы тарап сот шешімімен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірген. Нәтижесінде негізгі үкім өзгеріссіз қалғанымен, қосымша тағайындалған бірнеше жаза алынып тасталған.

Бүркіт БАЙДУЛЛАЕВ

ОҚО сотының БАҚ пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судьясы

6 ақпан 2018 жылы облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында сотталған Тұрсынқұлов Әлішер жөніндегі еңбекші аудандық сотының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы үкімі өзгертілді. Сотталған Тұрсынқұлов меншігінде қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілеу жайлы қосымша жазаны тағайындау бөлігі шығарылып тасталды. Сонымен қатар Тұрсынқұловқа қосымша жаза ретінде мемлекеттік медицина мекемелерінде көлк жүргізу атқару құқығынан 5 жылға айыру белгіленді. Негізгі жаза 8 жыл бас бостандығынын айыру бөлігі өзгеріссіз қалды.

Дегенмен Әлішердің туыстары аппеляциялық сот алқасының шешіміне де наразы екенін жеткізіп отыр. Тұрсынқұловтың жары тергеу амалдары тек бір жақты жүргізілгенін айтып шағымдануда. Енді олар әділеттілік орын алмағанша, жоғарғы сотқа дейін арызданбақ.

Зухра ТҰРСЫНҚҰЛОВА

сотталушының әйелі

Қазақстанның заңы емес, Құрманбекованың заңымен жүргізілді іс. Қайтадан көруін сұраймын мен. Мен мұндай қалдырмаймын. 8 жыл не үшін. Балаларды кім асырайды. Төрт кәмілетке толмаған балдарын ескерген жоқ. Ауру анасын ескерген жоқ. «Мы будем жаловаться в Верховный суд. Это несправедливый приговор. Все кто брал взятки остались без наказанными. Кто будет кормить четверых несовершеннолетних детей?»

Басы дауға қалған Әлішер Тұрсынқұлов енді 8 жылын өтеп қана қоймай, кезінде алған 10 миллион теңгесін де қайтаруы тиіс.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*