Басты » Редакция таңдауы » Мамандар улы газдан сақтанудың тиімді тәсілін ойлап тапты

Мамандар улы газдан сақтанудың тиімді тәсілін ойлап тапты

Төтенше жағдай қызметінің мамандары улы газдан сақтануды насихаттаудың тиімді тәсілін ойлап тапты. Төтеншеліктер қаладағы кинотеатрларда иісті газдан сақ болуға шақыратын бейнероликті халықтың назарына ұсынды. Қысқа метражды туындыда газдан уланудың алдын алу, тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша пайдалы мағлұматтар мен тиімді кеңестер айтылды. Сонымен қатар орталыққа келген жұртшылықққа жадынамалар таратылып, мамандар қауіпсіздік шараларын кеңінен насихаттады. Жыл басынан бері иісті газдан уланған 2 азамат көз жұмған болатын

Меңдігүл Қожагелдиева

қала тұрғыны

Бүгін мына, сеанс алдында көрген бейнероликті тамашалап, ішінен өзімізге керекті мағлұматтарды алдық. Өрт қауіпсізідігі қызметкерлері жақсы жеткізді деп ойлаймыз. Көп балалы болғаннан кейін, бізге осы ақпараттар өте керек деп ойлаймын. Алдағы таңда осы ережелерді өзіміз үшін сақтап жүретін боламыз.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*