Басты » Редакция таңдауы » ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ОҚУШЫНЫ АЖАЛДАН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ОҚУШЫНЫ АЖАЛДАН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы баланың өмірін өлімнен арашалап қалды. Қаладағы тұрғын үйлердің бірінде оқыс оқиға орын алып, салдарынан мектеп оқушысы түтінге уланып қалған. Жедел құтқару жасағының ашық есік күні дәл осындай қойылыммен басталды. Ондағы мақсат мамандардың төтенше жағдай орын алған аймақта қалай әрекет ететінін көрсету.

     Шынайы өмірде осындай жағдай бола қалса жедел құтқару жасағының қызметкерлері дәл осылай жылдам әрекет етеді. Өйткені оқиға орнында зардап шеккендерге шұғыл көмек қажет болатыны сөзсіз. Мұндағы әрбір құрылғының да атқаратын өз қызметі бар. Сондай-ақ, апатты жағдай орын алған аймақта төтеншеліктердің дәрігері алғашқы көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*