Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте жантүршігерлік қанды оқиға орын алды

Шымкентте жантүршігерлік қанды оқиға орын алды

Полиция қызметкерлері Абай ауданына қарасты жеке сектордағы үйлердің бірінен 3 адамның өлі денесін тапты. Қанды оқиға 8 ақпан күні кешкі уақытта болған. Қазір тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Әзірге белгілісі қайтыс болғандар бір отбасының мүшесі. 1965 жылғы анасы мен оның 21 және 13 жастағы ұлдары қылмыскердің қолынан қаза тапты. Алдын ала болжам бойынша қолын қанға бояған азамат жанұяның танысы болуы мүмкін. Алдымен ол анасы мен үлкен баласының басынан белгісіз затпен ұрып өлтірген. Бұл уақытта 13 жастағы ұлы жиһаздың артына тығылып үлгеріпті. Алайда жасөспірім өлімнен қаша алмады. Қылмыскер оны тұншықтырып өлтірген.

көршісі

Мен бұл сұмдықты тек бүгін естідім. Таңертең екі учаскілік полиция қызметкері келді. Мен ештеңе көрмегенімді түсіндірдім. Жақсы әйел болған. Ұлдары да сәлемдесіп тұратын.

Көршілерінің сөзінше қайтыс болған анасы асханада жұмыс істеп, екі баласын жалғыз өзі асыраған. Тіпті оның ащы суды ұрттайтын әдеті де болмапты.

көршісі

Олардың үйінде ұрыс керіс болмайтын. Ащы сусын ішетін кездері де болмаған. Анасы еңбекқор. Таңертеңен кешке дейін жұмыс істейді. . Отбасы туралы жаман ештеңе айталмаймын. Жалғыз өзі ұлдарын асыраған.

Бүгінде оқиға орнында полиция қызметкерлері мен криминалистер тексеру жұмыстарын жүргізуде. Олар саусақ іздерін алып, бейнебақылауға жазылған таспаны зерттеп жатыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*