Басты » Редакция таңдауы » Шетелдік азаматтың бүйрегі Шымкентте алмастырылды

Шетелдік азаматтың бүйрегі Шымкентте алмастырылды

Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында алғаш рет тірі донордан трансплантация жасау өткізілді.

Израиль тұрғыны (Германия азаматы) мен оның доноры болған Украина азаматына отаны өңірдің трансплантолог-дәрігерлері өз күштерімен жасап шықты. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Донор ауруханадан шығарылып, амбулаторлық емдеуге жолданды. Ал реципиент, яғни, күрделі ота жасалған шетел азаматы стационарлық ем қабылдауда. Бүгін бүйрегі алмастырылған шетелдік азаматпен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен бірқатар дәрігерлер кездесіп, жағдайымен танысты. Алдағы уақытта өңірде медициналық туризмді одан әрі дамыту жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында жоғары мамандандырылған медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Шетелдік пациенттер үшін де ота жасаудың барлық қолайлы жағдайлары қаралған. Оның ішінде бірегей препараттардың қоры жасақталып, сервистік палаталар бар. Бағалары да қолжетімді болып отыр 4,5 млн теңге тұрады. Ал, Еуропа мен АҚШ-та бүйрек трансплантациясының орташа құны шамамен 60-70 мың долларды құрайды. Қазірдің өзінде бірнеше науқас кезекте тұр. Олардың арасында Болгария, Румыния сияқты бірқатар шетелдердің азаматтары бар»,- деді Мұқан Кеңесбекұлы. ОҚО бойынша 600- ден астам науқас бүйрек ауруынан зардап шегеді, олардың көбі трансплантация жасауға мұқтаж.

2013 жылдан бері Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының базасында 100-ге тарта ота жасалды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*