Басты » 13 Аймақ » Оңтүстікте полицейлер кісі өліміне қатысты үш күдіктіні ұстады

Оңтүстікте полицейлер кісі өліміне қатысты үш күдіктіні ұстады

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Түркістан Қалалық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, онда өз автокөлігімен жұмыстан қайтып келе жатқан әкесі жоғалып кеткенін көрсеткен. Полицейлер жоғалған ер азаматты табу мақсатында барлық қажетті іс-шараны жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушінің автокөлігін Түркістан қаласының маңында орын алған жол көлік оқиғасы болған жерден тапты. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жәбірленушінің денесін қайда тастағанын көрсеткен, күдікті үш жас жеткіншекті ұстады. Олар облыс тұрғындары болып шықты. Аталған жайт бойынша «адам өлтіру» және «қарақшылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

…………………………..

Сарығаш ауданында полицейді тепкілеп тастаған жүргізуші сотталды Сарыағаш аудандық сотының судьясы Самал Жолмұратқызының айтуынша, қызметтік көлікпен жол ережесін өрескел бұзған азамат бас бостандығын уақытша шектеу жазасына кесілді. Сот отырысында анықталғандай, жүргізушіні жол патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Оның ереже бұзғанын түсіндіріп, хаттама толтырған. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының бұл әрекетіне наразы болып, құқық қорғау қызметкерін тепкілеп тастаған. Тергеу барысында кінәлі жүргізушінің бұл қылмысы толығымен дәлелденді. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қолсұғушылық» бабы бойынша айып тағылып, 1жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарылды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*