№ 83 мектептің 11 сынып оқушысы білім ұясындағы әлемжеттікке шыдай алмай өзіне қол жұмсады... - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » № 83 мектептің 11 сынып оқушысы білім ұясындағы әлемжеттікке шыдай алмай өзіне қол жұмсады…

№ 83 мектептің 11 сынып оқушысы білім ұясындағы әлемжеттікке шыдай алмай өзіне қол жұмсады…

11 сынып оқушысы Ерсұлтан Ахмедов мектептегі әлемжеттікке шыдай алмай, өзіне өзі қол жұмсады. Осылай деп мұңын шаққан бір отбасы қара жамылып отыр. Олардың айтуынша, баласы ай сайынғы жинайтын ақшаны таба алмай, сарайға барып, өзін өзі асып қойған. Толығырақ Нұргүл Жолымбетова баяндайды.

Ерсұлтанның ата-анасы бұған дейін де мектепте әлемжеттіктің болғанын жасырмайды. Баласынан талай мәрте ақша да талап еткенін жақсы біледі. Бірақ бәріне көз жұма қараған. Алайда барлық уақытта сыныптастарының сұратқан теңгесін Ерсұлтан тауып бере алмаған.


Ұлжан Ақылбекова

анасы

Қорқытады. Маған ақша беріп тұрсаңыздар, маған тиіспейді деп, мына суреттерді көрсетті. Мен адамнан адам қорқады ма? Қорықпа дедім.

Ерсұлтан Ахмедов 16 жаста. Ол қаладағы №83 ші мектептің 11 сыныбында оқыған. Ол өзіне өзі қол жұмсамас бұрын, қалтасына бірнеше баланың аттары жазылған хатты қалдырған. Тіпті сол тізімдегі бір оқушының ата-анасы, қара жамылған отбасыдан кешірім сұрап келген.


Сүннет Ақылбеков

әкесі

Сіздер үстінен жазбаңыздар, үндемеңіздер деп бізді тыйып тастады. Әйтпесе, мені ұрады деді. Біз бердік. Қайдан білейік? Бұған дейін, сол баланың ата анасы келіп кешірім сұраған. Ол бізге ағайын болып келеді. Ол бала тізімнің ішінде бар.

Өзі, желтоқсан айында ақша керек деп сұраған болатын. Біз одан не үшін керектігін сұрағанымыз да, бір баланың атын айтты. Соған апарып береміз дейді.

Ал мектеп басшылығы бұл іске қатысты дөп басып, ештеңе айта алмай отыр. Балалардың арасында мұндай нәрсе орын алған емес дейді. Ал қайтыс болған баланың ата-анасы әлеуметтік желідегі суреттерден жастардың қарумен түскен суреттерін тапқан.

Түймехан Қалыбек

83 мектебінің оқу ісінің меңгерушісі

Сынып жетекшісінің айтуынша әжептеуір болып жүрген бала еді. Қазіргі таңда ештеңе айта алмаймыз. Тергеу жүріп жатыр. Содан соң, белгілі болатын шығар. Ал тізімдегі үш оқушы өзімен бірге оқитын балалар. Оның ішінде біреуі ағайындары.


Қазіргі таңда, бұл іске байланысты, тергеу амалдары жүргізілуде. Табылған қағаздағы жазба бойынша да тиісті сараптамалар тағайындалған. Бұл оқиға Қайнарбұлақ саяжайында орын алып отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*