Басты » Редакция таңдауы » Шымкент қаласында гүл отырғызу жұмыстары басталып кетті

Шымкент қаласында гүл отырғызу жұмыстары басталып кетті

Еліміздің өзге облыстарында бұрқасын қар күтілуде. Ал Оңтүстікте бұл мезгілде гүл отырғызу жұмыстары қарқынды басталып кетті. Қала көшелерінің шырайын келтіретін түрлі-түсті гүлдерді отырғызуды ЛТД Тұрмыс қолға алған. Көктем мезгілінде қандай гүлдер шаһарымыздың сәнін келтіреді? Тілшіміз біліп қайтты.

Ақпан бізді жылы ауа-райымен қуантуда. Қыстың соңғы айында күннің көзі жылынып, көктемге дайындықта ерекше жүріп жатыр. Үшінші мегополисті көріктендіруге ондаған жұмысшы білек сыбана кірісуде. Желтоқсан көшесіне 50 роза гүлі отырғызылса, Арғынбеков Өтегенов көшелеріне тазалық жұмыстары мен ағаш бұтау сынды іс-шаралар таңертеңнен бастау алған .Мұндағы қарағай мен қаратал ағаштары да қала көшелеріне біршама сән берген.

Қазір ЛТД Тұрмыс ЖШС-нің барлық техникалары қаланы көгалдандыруға жұмылдырылып жатыр. Жұмысшы топ өз істерін 1 айдың ішінде бітіруді жоспарлап отыр. Қазіргі ауа-райы қаланы көгалдандыруға ыңғайлы болғандықтан, мамандар жұмыстарын дәл уақытында жасап жатырмыз дейді.

Сұлтан Ахмедов

ЛТД Тұрмыс„ ЖШС көгалдандыру бөлімінің басшысы

Қазір роза гүлдің 5 түрі яғни қызыл, жасыл, ақ, сары түстері егіліп жатыр. Қаланы абаттандыруға барынща үлес қосып жатырмыз. Бізде көгалдандыру бөлімінде қазір 81 жұмысшы және 5 техника бар. Қаланы көгалдандырумен қатар, тазалық жұмыстарын да жүргізіп жатырмыз.

Ал қала тұрғындары көктемнің келуін тағатсыздана күтуде. Себебі жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы барлық іске оңтайлы мезгіл екен. Қала тұрғындардары дәл осы мезгілде көптен күткен қуанышты сәттің орындалатынында жасырмады.

Көктем мезгілі өте ұнайды. Себебі бұл уақытта төл мерекеміз жаңа жылымыз болады. Барлығы жақсы болсын ең бастысы. Міне жақында ғана пәтер беруге уәде етті. Құдай қаласа көктем мезгілінде аламыз. Қатты қуаныштымын.

Жылы ауа-райын барлығы жақсы көреді. Себебі қыс мезгілінде барлығы үйлерін жылыта алмайды. Сондықтан бәріне жылы мезгіл ұнайды деп ойлаймын.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*