Басты » Редакция таңдауы » Мәйітті көлікпен бірге өртеген күдікті құрықталды

Мәйітті көлікпен бірге өртеген күдікті құрықталды

Шымкент қаласының тұрғынының өліміне қатысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті. Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Түлкібас АІІБ-нің кезекші бөліміне өзен жағасында өртенген автокөліктен белгісіз азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері мәйіттің 30-35 жас шамасындағы Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады. Аталған жайт бойынша «Кісі өлтіру» бабы іс қозғалып, арнайы сараптама да тағайындалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып, ұсталды. Ауыр қылмысқа қатысты тағы бір күдікті азамат іздестірілуде.

Бауыржан Момышұлы көшесімен Республика даңғылының қиылысында такси көлігі мен приора темір тұлпары соқтығысып қалды. Куәгерлердеің айтуы бойынша екі көлік қилысқа келгенде жолды бөлісе алмай, түйісіп тынған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тек көліктерге түрлі жағдайда материалдық шығын келген.

Қиылыста бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондықтан, қай жүргізушінің заң бұзғанын анықтау оңай болмақ. Десе де, оқиға орнында тәртіп сақшылары шақыртылып, сызу жұмыстары жүргізілді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*