Басты » Редакция таңдауы » Белгілі кәсіпкер Серікжан Сейтжановты бопсаламақ болған азамат 7 жылға сотталды

Белгілі кәсіпкер Серікжан Сейтжановты бопсаламақ болған азамат 7 жылға сотталды

Шымкенттік бизнесменді бопсалау арқылы 7 млн АҚШ долларын талап еткен азамат 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы Бөкейхан Қайыпназаров елімізге белгілі олигарх Серікжан Сейітжановты ұялы телефон арқылы қорқытып, ақшаны жеткізіп беруді бұйырған. Осы әрекеті үшін ол темір тордан бірақ шықты.

Айыпталушы ретінде танылған Бөкейхан Қайыпназаров 1962 жылы Оңтүстік өңірінде дүниеге келген. Жанұялы 7 баланың әкесі. Бұған дейін заң бұзушылыққа жол бермеген. Бұл жолы ол ҚР ҚК 194 яғни „қорқытып алу„ бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылып, абақтыға жабылды.

Самидин Темірәлиев

ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотының судьясы

Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі аса жоғары мекемесінде өтеу белгіленсін. Жазаның өтеу мерзімі 2017 жылдың 15 тамызынан бастап есептелсін. Оған қатысты таңдалынып алынған бұлтартпау шарасы бұрынғысынша күзетпен ұстауда қалдырылсын.

Талай жыл белгілі кәсіпкермен қызметтес болған Қайыпназаров, арадағы алыс – берісін бопсалау арқылы алмақ болған. Алайда, бұған дейінгі сот отырысында Серікжан Сейітжанов, өзінің ешкімге берешегі жоқ екендігін алға тартқан болатын.

Серікжан Сейітжанов

кәсіпкер

Ал түбінде оған біздің ешқандай қарызымыз жоқ. Ол өзі біледі. Бұл азаматтың бұл әрекетке не үшін барғанын мен түсінбеймін. Ал енді 2000 жылдарының көлемінде, жұмыс барысымен 17 млн теңгедей қарыз болып, ол қарыздың есебінен Желтоқсан көшесіндегі әкімшілік ғимаратты 53 млнға бағалап, Серікбаев деген азаматқа сенім хатпен барлық қарыздан құтылғанбыз. Ешқандай қарызымыз жоқ.

Алғашқы сот процесінде Серікжан Сейітжанов өзін бопсалаған Бөкейхан Қайыпназаровқа кешірім бергенін мәлімдеген болатын.

Нұргүл ЖОЛЫМБЕТОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*