Басты » Редакция таңдауы » Оңтүстіктегі әрбір ұлт өкілі өз брендттерін кәсіп көзіне айналдыруда

Оңтүстіктегі әрбір ұлт өкілі өз брендттерін кәсіп көзіне айналдыруда

Салт-дәстүріне сай ұлттық тағамдарын, киімдерін өндірумен қатар, технология мен білімді де қолға алған өзге ұлт өкілдері бар. Өздерінің тың жаңалықтарымен таныстырған кәсіпкерлер көпшілікті таң қалдырды.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған шарада 10-нан аса кәсіпкер өз жұмыстарын паш етті. Көрменің ерекшелігі өзге ұлт өкілдерінің өз брендттерін кәсіп көзіне айналдыруы. Мәселен, кәрістер, татарлар мен қырғыздар ұлттық тағамдарын ортаға қойса, ұйғырлар ұлттық нақыштағы киімдерін шығаруда.

Аталмыш ұлттық брендттерден бөлек, ағайындар техника, құрылыс заттарын өндіріп, арнайы орталықтарды ашуда. Солардың бірі GES білім орталығы. Сайрамда орналасқан мектепті Амирикада білімін шыңдаған Дилором Мирсалиева ашқан. Мұнда оқушылар 4 жылдан бері физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде тереңдетіп оқуда.

Осыған дейін мерекелік шаралар мен концерттерді көбірек ұйымдастыратын этномәдени орталық бұдан былай нақты жұмыстарға көшпек. Енді өңірдегі өзге ұлт өкілдері жасап жүрген кәсіптерін көпшілікке таныстырып отыратын болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*