Басты » Редакция таңдауы » «Ютекс» және «Меланж» фабрикаларына қаржы құятын инвестор іздестірілуде

«Ютекс» және «Меланж» фабрикаларына қаржы құятын инвестор іздестірілуде

Осыған дейін кәсіпорын басшылары тоқыма фабрика жұмысын халықаралық деңгейге көтереміз деп уәде берген еді. Алайда бұл бос сөз болып шықты. Түсірілім тобы мекеменің қазіргі жағдайымен танысып қайтқан еді.

2014 жылы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен оның еншілес құрылымы, «Қазақстанның инвестициялық қорының» бірігуі нәтижесінде «Ютекс» және «Меланж» тоқыма фабрикалары қайта іске қосылған еді. Инвесторлар кәсіпорынның өркендеуіне 64 млн доллар көлеміндегі қаржы құйған. Содан бері фабрикада өзгеріс орын алған ба? Бұл сұрақтың жауабын білу үшін біздің түсірілім топ мекемеге аттанды. Кәсіпорынның алдында күзетшіден басқа ешкімді кезіктіре алмадық. Алайда ол да директордың кім екенінен бейхабар болып шықты.

Қазір мұнда қауіпсізікдік қызметінің директорынан басқа ешқандай басшы да жоқ. Бұл ақпарат күзетшінің телефондағы әңгімесінен анық болды. Ал кәсіпорын сот шешімі бойынша, „Textile.kz, компаниясынан Астанадағы «Қазақстанның инвестициялық қорының» меншігіне өткен. Олар бір жылдан бері фабрикаға қаржы тартатын инвесторларды іздеумен әлек. Алайда жұмысы тоқтап қалған мекемеге қызуғышылық танытатындар аз.

Меланж фабрикасының бұрынғы қызметкерінің сөзінше мекеме тіпті оларға берешек қаражатты толық өтеп бермеген.

Когда-то я тоже здесьработала на текстиле. -Говорят, вамдолжны остались. Вам вернули эти долги?.- Когда-то копейки какие-то вернули. Авсем всё не вернули. В суд подавали, нотолку нет.

Осыған дейін өңірде бұл өнімдерді сатып алу үшін «Қазақстан темір жолымен» ұзақ мерзімді келісім-шарт жасалғаны айтылған еді. Тіпті тоқыма жіптері мен сүлгі маталар Қытай мен Еуропа елдеріне экспортталады деген жоспар да болған. Алайда кәсіпорынның жандануына жұмсалған қаржының қайтарымы болмаған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*