Ер есімі — ел есінде - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » Ер есімі — ел есінде

Ер есімі — ел есінде

Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан сарбаздардың ерлігіне тағзым етіліп, ескерткіш тақтасына гүл шоқтары қойылды. Қандастастарымыз 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған аймағындағы соғыста көз жұмған болатын. 1989 жылы 15 сәуірде Кеңес одағының әскерлері Ауғанстан жеріне шыққанына биыл 29 жыл толып отыр. Ауғанстан жеріндегі сұрапыл соғыста 17 жерлесіміз ерлікпен қаза болған еді. Ал 35 сарбаз түрлі дене жарақаттарын алып, қазір түрлі топтағы мүгедектердің қатарында. Ерлік істері көпке үлгі болған сарбаздардың ерен еңбектері ел есінде мәңгілікке сақталары сөзсіз.

Қайратбек Сәтбаев

рота командирі

Мен лейтенант алып келген кезімде менімен бірге қызмет жасағандардың ішінде өзімнің взводымда болған ол Исабаев Ербол, Өгізбаев Уалихан. Кейіннен араласып жүрдік,ол менің орынбасарым Бақбаев Қалмахан. Осыларды мен бұрыннан білем, кейін сосын Бекебаев Ербол. Тәжік-ауған соғысына бара жатқан кезде біз өзіміз іріктеп алдық олардың мінез-құлықтарына қарап.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*