Басты » Тараусыз » Есірткі тасымалымен айналысқан жолсерік сотталуда

Есірткі тасымалымен айналысқан жолсерік сотталуда

Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясының қызметкері Майра Жаңабаева 5 келіден астам есірткі затын тасымалдады деген күдікпен қамауға алынды. Жамбыл облысының тумасы Шымкенттегі темір жол вокзалы маңында қолға түскен. Куәгерлердің айтуынша, 51 жастағы нәзік жанды теміржол маңындағы пәтерлердің бірін жалға алған көрінеді. Бірер күн Шымкентте түнейтінін айтып, емін – еркін жүрген. Алайда, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізген полицейлер, азаматшаны пәтерде құрықтаған. Оның бөлмесінен полиэтиленді пакетке оралған есірткіге ұқсас зат табылған. Тіпті күдіктінің сөмкесінен таразы да тәркіленді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*