Басты » Тараусыз » Мұқан ЕГІЗБАЕВ: “Дәрігерлік қателікті болмайды деп айта алмаймыз”

Мұқан ЕГІЗБАЕВ: “Дәрігерлік қателікті болмайды деп айта алмаймыз”

Биыл оңтүстіктегі көпсалалы ауруханаларда қосымша 3 инсулть орталығы ашылады. Ал барлық медициналық мекемелер 100 пайыз компьютермен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде денсаулық сақтау саласы толығымен электрондық жүйеде жұмыс жасайтын болады. Бұл туралы басқарма басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді. 2018 жылдың еншісінде онкологиялық диспансер мен Түркістан қаласының перинаталдық орталығының құрылысын бастау жұмысыда бар.

Шұғыл әрекет ету мақсатында SOS жүйесі 17 медициналық ұйымға енгізілген. Жансақтау бөлімінде ауыр науқастар арнайы батырманы басып шұғыл көмекке жүгінеді. Биыл бұл жоба өңір көлеміндегі барлық нысанға орнатылады. Былтыр туберкулез дертімен ауыратындар саны артып, 1482 науқасты құраған. Дертке шалдыққандар санын азайту мақсатында енді наурыз айынан бастап, жабық мекемелерде профилактикалық тексеру шарасы қайта қолға алынады. Тіпті республика көлемінде алғашқылардың бірі болып оңтүстік өңірі науқастарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетуді қолға алған.

Мұқан ЕГІЗБАЕВ

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Туберкулезге байланысты әлеуметтік көмекке келер болсақ, қазіргі таңда облыс әкімімен бұл мәселені қарап, өз қадағалауына алып, аудан көлемінде, 21000 теңге көлемінде әрбір науқасқа әлеуметтік төлем ретінде қаржы қарастырылған. Барлығында беріп жатыр.

Өткен жылы ауылдық жерге 85 маман жұмысқа орналасқан. Олар арнайы әлеуметтік төлемге де ие болыпты. Алайда өңірде бастапқы ойынан айнып, қалаға қайтатын қызметкерлерде бар. Обыстың бас дәрігері мұндай деректің нақты санын айта алмады. Бірақ келісім шартты бұзғандар мемлекеттен алған қаржыны қайтаруға міндеттеледі екен.

Мұқан ЕГІЗБАЕВ

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Қайтатын мамандар арасында болады. Кейбіреулері тұрмысқа шығуына байланысты кейде өзінің жағдайына байланысты. Сол мамандарды тұрақтандыру мақсатында облыс әкімі қазір барлық үлкен ауылдық жерлерде мамандарға арналған пәтер салу мәселесін көтерді. Биыл бірнеше ауылда салатын болады.

Басқарма басшысы қателік жасаған дәрігердің барлығын жазалай беру дұрыс емес деп есептейді. Осыған дейін денсаулық сақтау министрі де бұл пікірді алға тартқан болатын. Салдарынан бұл салаға қызығушылық танытатындар саны азайып кетуі мүмкін. Мамандар бұл олқылықты болдырмау әрекетін қолға алмақ.

Мұқан ЕГІЗБАЕВ

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Дәрігерлік қателікті болмайды деп айталмаймыз. Болады. Ол дүние жүзінде бар зат. Мысалы ретінде айтайын, шетелде апендициттің өзінде 15 пайыз қателік болуы мүмкін екен. Оның барлығын жазалай берудің қажеті жоқ. Барлық дәрігерді кішкентай қателік үшін отырғыза берсе, ешкім дәрігерлікке бармайды. Қазіргі айлықты білесіздер 50 мың теңгенің айналасынан басталады.

Тіпті қазірдің өзінде облыс бойынша балалар неврапотологы жетіспейді. Қазір әрбір емхана бұл саладағы небәрі бір немесе екі маманмен қамтылған. Егер дәрігерлер еңбек демалысына шықса, тұрғындар оларды бір ай көлемінде күтуге мәжбүр. Дегенмен басқармадағылар бұл мәселені жіті назарға алып, жұмыс жүргізбек.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*