Еліміздің Ұлттық Ұлан сарбаздары Оңтүстікте бас қосты - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Еліміздің Ұлттық Ұлан сарбаздары Оңтүстікте бас қосты

Еліміздің Ұлттық Ұлан сарбаздары Оңтүстікте бас қосты

Шымкентте әскери қызметкерлер арасында қоян қолтық ұрысынан ел біріншілігі басталды. Спорттық шара Ұлттық Ұланның құрылғанына 26 жыл және тәжік – ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың құрметіне арналып ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан сарбаздары арасындағы жекпе-жек біріншілігі биыл 16-шы рет өткізілуде. Жарыста өңірлік қолбасшылықтарының намысын арқалаған 80-нен астам жекпе-жекші қатысуда. Олар бірнеше әскери сайыс түрлері бойынша ел үздіктерін анықтайды.

Ерлан Байымбетов

аға лейтенант

16-шы спартакиадаға біздің ең бірінші жарысымыз осы жекпе-жек сайысын өткізудеміз. Ендігі біздің жарысымыз осы жарыстан кейін қысқы Президенттік көп сайыс, одан кейінгі үшініш түрі самбо күресінен, оқ ату дәрісінен. Түрлі жарыстар өткізуді жоспарлаудамыз.

Жүлделі орындардан үміткерлердің бірі Батыс Қазақстандық Әнуар Кәрібаев. Жеңіске жетуді өзіне мақсат тұтқан ол біріншілікке осымен екінші рет қатысып отыр. Алдағы уақытта бапкерін қуантып, туған қаласына жеңіспен оралғысы келеді.

Әнуар Кәрібаев

Батыс өңірлік қолбасшылығының сарбазы

Осы жарысқа тыңғылықты дайындалып келдік. Бұл сайыс іріктеу болып табылады. Жауынгерлер жан-жақтан бүкіл Қазақстаннан келіп отыр. Астана қаласының 5573 бөлімінің сарбазымен шықтым.

Ережесіз жекпе-жек сайысын Ұлттық Ұланның қызметкерлері әскери-қолданбалы спорттың бір түрі ретінде өткізіп отыр. Аталған бәсекеде жеңімпаз атанғандар алдағы уақытта „Қазақстан кубогы„ жарысына жолдама алады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*