Шымкентте су тасу қауіпі жоқ - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте су тасу қауіпі жоқ

Шымкентте су тасу қауіпі жоқ

Бұл туралы Төтенше жағдай басқармасының мамандары мәлімдеді. Олар, тілсіз жаудың алдын алу үшін, сақтық шараларын жүргізуді бастап, ЛТД тұрмыс ЖШС жұмыс қарқынымен танысты.

Таңертеңнен іске кірісетін ЛТД тұрмыс серіктестігінің жұмысы еселене түсті. Маманадар 14 ақпан күні түнде жауған жауынның соңы су тасқынына ұласпауын қадағалады. Осыған орай, 12 техника шаһардағы шағынаудандарды аралап, қауіпті алдын алудың қамын күйттеді. 10 нан аса су сорғыш көлік, құм таситын 12 машина жұмылдырылды.

Су тасқынын алдын алуға ЛТД тұрмыс серіктестігі сақадай сай. Мамандар бүгінге дейін, 146 шақырымды құрайтын өзен арналарын тазартып үлгерді.

Техника дайындықтарының барлығы дайын. Тексерісте көңіліміз толды. Төтенше жағдай комиссиясы өтеді. Құзіретті органдарға тапсырмалар беріледі. Су алмау амалдары жүргізіледі.

Төтенше жағдай басқармасының мамандары, тұрғындарды өзендерге қоқыс қалдықтарды тастамай, тазалық сақтауға шақырады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*