„Жас Отан„ жастар қанатына кандиттарды сайлау науқаны басталды - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » „Жас Отан„ жастар қанатына кандиттарды сайлау науқаны басталды

„Жас Отан„ жастар қанатына кандиттарды сайлау науқаны басталды

Жас Отан„ жастар қанатының орталық кеңес мүшелігіне кандиттарды сайлау науқаны жүріп жатыр. Сайлауға оңтүстіктің атынан 7 үміткер қатысты. Әр бірі өз жобаларын ұсынып, ел алдында қорғайды. Ал, жеңімпазды жас отандықтар онлайн дауыс беру арқылы анықтайтын болады.

Жиынға кандидаттар келіп, өз жобаларын ұсынулары тиіс болатын. Бірақ олардың барлығы белгіленген уақыттан кешігіп, БАҚ өкілдерін едәуір күттірді. 7 үміткердің тек 3 ғана келген. Олардың бірі — Ботакөз Ізтілеуова. 4 бағдарламамен бәйгеге қосылған бойжеткен, өз еңбегін мемлекеттік тілде түсіндіріп бере алмады.

Ботакөз Ізтілеу

үміткер

Бір қатар конкурстардан өткен болатынбыз. Қазіргі таңда 3-ші конкурстамыз. Орысша жалғастырайыншы.

Салауатты өмір салтын ұстанатын Александр Водолацкий де өз бағын сынап көрмек. Стрит Воркаутты облыс көлемінде дамытып, жастарды спортқа баулып жүрген азаматтың алға қойған мақсаты айқын.

Александр Водолацкий

үміткер

Жас Отан жастар қанаты басымдықты жайдарман ойындарына, сенбілік ұйымдастыруға береді. Мен жастар арасында спорт саласын дамытып, насихаттағым келеді. Ауқымды жарыстар ұйымдастыруды көздеймін. „Жас Отанның„ алға ілгерілеуі жалынды жастарға тікелей байланысты.

Жас отан орталық кеңсесінің мүшелігіне 33 адам енеді. Оның 16-на облыстық филиалдарының төрағалары кіреді, 1-і жас Отан жастар қанатының төрағасы. Ал, қалған 16-н сайлау арқылы тұрғындар таңдайды.

Нұрлыбек Әбілкәрім

Жас Отан„ ЖҚ ОҚО филиалы атқарушы хатшылығының төрағасы

Орталық кеңеске өткен адамдар жастар арасында беделге ие болуы керек. Өздерінің арттарынан адам ерте алуы керек. Дұрыс тәлім-тәрбие бере алуы керек. Және 2-ші Менің талап етерім, нақты проблеманы анықтаумен қатар, оның шешу жолдарын анықтауы керек

Орталық кеңес мүшелігіне кандидаттарды онлайн түрде жариялау тұңғыш рет ұйымдастырылып жатыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*