Басты » Редакция таңдауы » ОҚО ана өлімі бойынша республикада 5-орында

ОҚО ана өлімі бойынша республикада 5-орында

Осыған дейін бала өлімі бойынша да өңіріміз алдыңғы қатарда болған. Ақ халаттылардың біліктілігін арттырудың нәтижесінде статистикаға оң өзгеріс енген. Жергілікті дәрігерлердің өткен жылы бітірген шаруалары көп, алдағы жоспары да аз емес.

Оңтүстік Қазақстан облысында нәрестенің өлім-жітім көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға төмендесе, ана өлімі 34,1 пайызға азайған. Өткен жылы облыстағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6 миллиард 200 миллион теңге жұмсалған. Нәтижесінде емханалар мен ауруханалар заман талабына сай қызмет көрсетуде. Бұдан өзге жергілікті қазына есебінен 33 нысан салынған.

Мұқан ЕГІЗБАЕВ

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

2017 жылы өздеріңіз білесіздер облыстық бюджеттен 33 пайдалануға берілді. Олар қалалық жедел жәрдем ауруханасына қосымша ғимарат, облыстық онкология диспансер корпусы, 1 аудандық емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік акушерлік пункт, 5 медициналық пункт салынды.

Ал онкология және туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы биылғы жылдың еншісінде. Осыған дейін үшінші мегаполистегі жедел жәрдем станциясы түрік компаниясы басқаруға берілген деген ақпарт шыққан еді. Алайда олар берген уәдесінде тұрмағандықтан қайта тендер ойнатылмақ.

Кезексіз емхананы жетілдіру мақсатында 23 медициналық ұйымға электрондық кезек таблосы орнатылған. Бұл жүйемен 2018 жылы өңірдегі барлық емханалар қамтамасыз етілетін болады. Ал жергілікті ақ халаттылар қазір медицинасы озық Оңтүстік Корея, Ресей, Франция елдерімен әріптестік байланыста жұмыс істейді. Ал республикалық ғылыми орталықта бір жылдың ішінде 3 мыңнан аса маман білген-түйгенін арттырған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*