Басты » Редакция таңдауы » Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі жолдардың тоз-тозы шыққан

Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі жолдардың тоз-тозы шыққан

Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі жолдың жыл өтпей жатып тоз-тозы шыққан. Жүргізушілер мердігер компанияның бірнеше рет мұнда пайда болған ойық шұңқырларды жамаумен айналысқанына куә. Алайда орталық көшедегі жолға сапалы жұмыс жүргізілсе деп армандайды халық. Ал жауаптылардың кемшілікті жоюға ауа райы кедергі болып отыр екен. Сондықтан мердігер мекеме алдағы уақытта барлығын қалпына келтіруге уәдесін берді.

Ахмет Байтұрсынов көшесіне жаңа асфальт төсеу жұмыстары былтыр қазан айында ғана аяқталған еді. Тәулік бойы тер төккен мердігер компанияның тірлігі, сапасыз болады деп болжаған жұрт. Екі қабат етіп төселген асфальт, алдағы қыстан аман шықпайды деген пікірлерде айтылған сол кезде. Расында мына жағдайға қарап, халықтың болжамы қате кетті дей алмайсың

Азиза МАДИЯР

тілші

Қаладағы орталық көшелердің бірі дәл осы Байтұрсынов. Мұндағы жолдың мәселесі бітпейтін новеллаға айналғандай. О сығна дейінде мердігер компания жолда пайда болған ойық шұрық тесіктерді жамауға кіріскен болатын. Дегенмен одан түк пайда шықпаған сыңайлы. Өздеріңіз көріп тұрғандай мына кадрларда Байтұрсынов көшесіндегі ас фальт себелеп жауған жаңбырға төтеп бермей, адам шошырлық кейіпке енген. Ал байғұс жүргізушілер болса көлігін аяғаннан ба тесік жолдарды айналып өтеміз деп қарсы жолаққа шығып кетуге мәжбүр болып отыр.

Осы көшеде жылу құбырын ауыстырумен айналысқан мердігер компанияға жолды қалпына келтіру жұмысыда міндеттелген. Мамандардың сөзінше аталған компания қолайлы ауа райы қалыптасқан бойда, мұнда орын алған қателікті толығымен қалпына келтіретін болады.

Асқар БУЛЕШОВ

Қуат жылу орталық – 3„ МКК жылу инспекция бөлімінің басшысы

Шымкенттегі Байтұрсынов, Сапарбаев, Рысқұлов көшесі бойындағы жол магистральі нысанында анықталған ахауларды мерігер компания кепілдік мерзімге сәйкес ауа-райы қолайлы болғанда қалпына келтіреді, еп мәлімдеді корпарация сити строй тарапынан.

Тендерді ұтып алған компания келісім шарттағы кепілдік мерзім аяқталғанша Байтұрсынов көшесіндегі шұңқырларды жамауға жауапты. Ең бастысы бұл жолы жұмыс сапалы орындалса деп тілейді көлік жүргізушілер.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*