Басты » Редакция таңдауы » Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Қабылдауға түрлі түйіткілдерімен 10 азамат келді. Өңір басшысына арыз-шағымдарын жеткізуге мүмкіндік алған азаматтардың басым бөлігі баспана мен жер телімдеріне қатысты мәселелерін ортаға салды. Достық мөлтекауданының тұрғыны мемлекеттен алған тұрғын үйін жекешелендіре алмай келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, Тұрғын үй бөлімінің басшысы Мәлік Абдинұров тиісті құжаттарды рәсімдеуге кедергі келтіруде екен. Ал, Шаңырақ шағын ауданының тұрғыны оралмандарға жер беру, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылыққа берілген жерлердің нысаналы мақсатын тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін деп өзгерту мәселесін сұрай келген. Көкбұлақ ықшам ауданының тұрғыны болса, баспанамнан айрылып, далада қаламын ба деп қорқады. Оның үйі «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырының маңына тым жақын салынғандықтан жер телімі мемлекетке қайтарылуда. Осыған байланысты компенсация мәселесін оңтайлы шешіп беруін сұрайды. Тұрғындарды талап-тілегін мұқият тыңдаған өңір басшысы сала мамандарына аталған мәселелерді қысқа мерзімде шешуді шегелеп тұрып тапсырды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*