Басты » Редакция таңдауы » Келер жылдан бастап мектептерде 4 пән ағылшынша оқытылады

Келер жылдан бастап мектептерде 4 пән ағылшынша оқытылады

Қазақ тілі мемлекеттік, орыс тілі – ұлтаралық қатынас ал ағылшын тілі жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде қолданылуы қажет. Сондықтан да мұғалімдер оқушыларға тілді үйретудің жаңа әдісін үйренуге міндетті. Осы бағыттағы жұмыстар Оңтүстік өңірінде басталып та кеткен. Шымкентте Тілдерді дамыту орталығының мұрындық болуымен «Тілдерді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбындағы семинар тренинг ұйымдастырылды.

Елбасының тапсырмасы бойынша енді екі жылдан кейін мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесі 95% -ға, ал орыс тілді меңгергендер 90 пайызға, ағылшын тілін білетіндер 20 пайызға жетуі қажет. Сабақты ағылшын тілінде жүргізуге қатты талпыныс жасалып, еліміздің 153 мектебінде физика, химия, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде үйретілуде.

Сандуғаш АЙТИМБЕТОВА

Шымкент қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту орталығының оқытушысы

17- ағылшын, орыс тілі, қазақ тілін оқыту методикаларын үйрету. Әдіс тәсілдің жаңа түрлерін көрсету. Тәжірибе алмасу болып табылады. Мысалы тыңдалымды қалай жақсартуға болады оның 4 әдісін үйретіп жатырмыз.

Семинарда үш тілді меңгерудің маңызы және оқушылардың тілдік ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар бұл шара ұстаздар арасында тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік дейді. Оқушының функционалдық қабілетін арттыруды көздеген жиында мұғалімдер тілді үйретудің оңтайлы тәсілдерімен танысты.

Анастасия Чаликова

мұғалім

Мен семинар тренингке Ленгерден келіп отырмын. Жаңа методика мен білім беру жүйесіндегі әдісті үйренгім келеді. Негізгі келуімнің мақсатыда осы. Осындай шараға алғаш қатысуым. Нәтиже болады деген үміттемін.

Статистикаға жүгінсек, Қазақстан оқушыларды бастауыш біліммен қамту жөнінен әлемде 4-ші орынға көтеріліпті. Бұл өткен жылдың қорытындысы. Сондай-ақ, жалпы білім беру бойынша 44-тен 35-ші орынға жоғарлаған.

Келер жылдан бастап мектептерде 4 пән ағылшынша оқытылады. Ал 2020 жылы елімізде нөлінші сынып пайда болады. Олар тек латын қарпімен оқиды. Бұл туралы еліміздің білім және ғылым министрі мәлімдеді. Жоспар бойынша 2019 жылдан бастап 10-шы және 11-сыныптар физика, химия, биология және информатика пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастайды. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*