Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте „Елбасы кітапханасы„ ашылды

Шымкентте „Елбасы кітапханасы„ ашылды

Шымкентте елбасының өмірін, саяси бастамаларымен стратегиялық жолдауларын дәріптейтін „Елбасы кітапханасы„ ашылды. Облыстағы іргелі оқу орындарында орын тепкен орталық, студенттер мен жас жеткіншектерге арналған. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың 50 ден астам кітаптары мен барлық жолдаулары бар. Кітаптардың барлығы 9 тілде аударалып жазылған.

Әмірхан Рахымжанов

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде „Назарбаев моделі„ атты Елбасының қазақ тілінде шыққан кітабының тұсауын кестік.Және сол жөнінде үлкен Халықаралық конференция өтті.Сонымен қатар, аграрлық ұлттық университетінде де жастарға арналған „Елбасы жастарға бағытты қалай береді?„ деген тақырыптарда конференциялар өткізілген.

Н.Назарбаев: дәуір, тұлға,қоғам„ жобасының аясында „Әлем таныған Елбасы„атты кітап көрмесінің ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Көрме 2018 жылдың мамыр айына дейін жалғасатын болады. Конференцияға 26 мемлекеттен келген шетелік меймандар қатысты.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*