Басты » Мәдениет » Классикалық туындылар кітапханада орындалды

Классикалық туындылар кітапханада орындалды

Романс кешінде опера әншілері шетел композиторларының шығармаларын орындады. Классикалық туындыларды өнер сүйер қауым бұл жолы кітапханада тыңдады. Толығырақ Динара Сәрсенбаеваның бейнематериалында.

Диана Бұзаубақова 16 жаста. Ол 5-сыныптан бастап классикалық шығармаларды орындап келеді. Ән қоржынында Латиф Хамидидің „Қазақ вальсі„ және Халық әні „Ал қоңыр,„ Ахмет Жұбановтың „Алма бағында„ сынды шығармалары бар. Осыған дейін түрлі байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарды иемденген.

Диана Бұзаубақова

Оңтүстік Қазақстан Саз колледжінің 2-курс студенті

Осы жерге мен екі шығарма алып келдім. Ол Воробьевтың және Даргомыжскийдың романстары. Келешекте мен осы музыкалық колледжді жақсы бітіріп, Құдай қаласа, жақсы академияға түсіп, білімімді жетілдіргім келеді.

Романс белгілі бір аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма. Көпшілікке танымал компазиторлардың туындыларын айрықша шеберлікпен жеткізе білу, барлық адамның қолынан келе бермейді.

Айгүл Айғазиева

Опера және балет театрының концерт мейстері

Классикалық шығармаларды көрсетпекшіміз. Солардың ішінде орыс компазиторларының вокалдық шығармалары бар, оның ішінде Рахманинов, Чиковскийдың және шетел компазиторларынан Легардың одан соң Сэндерсонның шығармасын біздің өнерпаздар орындайды.

Романс кешінде опера және балет театрын мен саз колледжінің жас әртістері өнер көрсетті. Кешке келген қонақтар шырқалған өнер туындыларынан ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Динара Сәрсенбаева Константин Юсупов ТВК телеарнасының жаңалықтар қызметі.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*