Басты » Редакция таңдауы » Стендтік оқ атудан ашық біріншілік басталды

Стендтік оқ атудан ашық біріншілік басталды

Стендтік оқ атудан қаламызда Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің ашық біріншілігі басталды. Жасөспірімдер мен жастар арасында жалауын көтерген жарысқа барлығы 120-ға жуық мерген келген. Мақсат ай соңында Шымкентте өтетін Қазақстан кубогына жарысына қатысатын үміткер спортшыларды іріктеу.

Стендік оқ атудан Шымкентте басталған бұл турнир 2018 жылғы маусымның алғашқы жарысы. Біріншілікке құралайды көзге атқан 100-ден астам мерген жиналған. Олардың арасында өңіріміздің 2 спорт мектебі мен Астаналық команда да бар. Өкінішке орай аталмыш турнирге Алматы мен Қызылорданың спортшылары келе алмаған.

Любовы Почевалова

жарыстың бас төрешісі

«Ауа-райына байланысты стендтік оқ ату үшін ең қолайлы аймақта орналасқанбыз. Республикамыздың ең жылы өңірінде тұрғандықтан жаттығу жиындары да біздің қалада өткізілді. Әйтсе де,күн кішкене салқындау болды. Соған қарамастан спортшыларымыздың дайындығы қызу. Бұл бәсекені де сол ел кубогына дайындықты пысықтау ретінде қарап отырмыз.»

Мергендер жарысты стендтік оқ атудың 3 түрі бойынша сайысқа түсті. Олар айналмалы және траншендік стенд ату мен аралас бағдарлама. Айта кету керек, турнирде негізінен жастар мен жасөспірімдер өнер көрсетуде. Ал, ересектер қазір Кувейт пен Кипрде ел намысын қорғауда. Кувейтте жалғасып жатқан халықаралық турнирде жерлестеріміз ел қоржынына күміс жүлде салып берді.

Думан Сапарқұл

жарыс қатысушысы

«Маңызды ғой. Сонша жыл дайындаласың. Соның нәтижесін көргің келеді. өте маңызды. Барлығымыз дайындалдық осы жарыс үшін. Құдай қаласа көреміз результатының қалай болатынын.» «Өзіміздің ОҚО атын қорғаймыз. Көреміз сәттілік тілеймін.»

«Кішкентай кезімде атам мені аңшылыққа апарып жүретін еді. Содан кейін мен осы Олимпик охотничий магазинге келіп, сол кезде сатушы маған айтатын еді. Любовь Владимеровнаның номерін берді. Сосын менің мама звондап, осында әкелді. Одан кейін мен кішкентай кезімнен, уже 8 жасымнен 11 жасыма шейін атып жүрмін. Аңшылық менің хоббиім»

Біріншілік бәсекелері 3 күнге жалғасты. Үздік атанған мергендер Шымкентте өтетін Қазақстан кубогы жарысында бақ сынайтын болады. Аталмыш жарыс 26-шы ақпан мен 5-ші наурыз аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*