Басты » Редакция таңдауы » Облыс әкімі, Прокурор және ІІД бастығы халықты жеке мәселелерімен қабылдайды

Облыс әкімі, Прокурор және ІІД бастығы халықты жеке мәселелерімен қабылдайды

Облыс әкімі, Прокурор және ІІД бастығы халықты жеке мәселелерімен қабылдайды Жылына екі рет тұрғындармен бетпе-бет жолығып, мәселенің шешілуіне ат салысатын болады.

Дәл мұндай қоғамдық қабылдау оңтүстікте алғаш рет өтіп отыр. Бұл жолы халықтың мәселесін мамандар емес, лауазымды басшылардың өздері тыңдады. Көпшілік жер дауын көтерді. Ынтымақ елді мекенін келген Жеңіс Жұмашеваны да толғандырған сол мәселе. Себебі баспанасының дәл алдындағы аяқ жолдан өзге біреу там тұрғызып қойған. Ол көршісінің бұл әрекетін заңсыз деп дәледеседе 11 жылдан бері шеше алмай келеді.

Бұл мәселенің шешімін тауып, тиісті мамандарды жинаймыз деген облыс әкімінің бірінші орынбасары Әліпбек Шәріпбекұлы, арнайы қабылдау өткізетін болды.

Дәл осындай жер мәселесімен келген Мұратбай Нарметов Бозарық елді мекенінде 32 жыл бойы тұрып келеді. Ол әкесінен қалған жерге үй тұрғызып, техникалық құжатын да алған. Мұнан соң құжаттарды рәсімдемек болғанда, жерді қайта сатып алуы керек болған. Бірнеше рет тиісті орындарға арыз жазып, мәселенің шешімін табуға тырысқанымен ештеңе шықпаған.

Жер теліміне қатысты сұрақтарға жауап беруді, облыс әкімдігінен келгендер өз міндеттеріне алды. Олар әрбір арызданушыны жеке қабылдап, құжаттарын заңдастырып береміз десті.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*