Басты » Редакция таңдауы » Ұлы-Жібек жолы бойында орналасқан елдер, қөл өнер байқауында сынға түсуде

Ұлы-Жібек жолы бойында орналасқан елдер, қөл өнер байқауында сынға түсуде

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің арасында халықаралық қөл өнер шеберлері байқауы өтуде. Додаға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің дарынды жастары бақ сынауда. Ол қолөнер, кескіндеме, роботехника мен тігіншілік өнер түрлері бойынша сайысқа түседі. Бір қызығы жас шеберлер өз туындыларын ғаламтордағы скайп арқылы таныстырады.

Көршілес елдермен бірлесе отырып, ғылым мен шығармашылық қарым-қатынасты нығайту басты назарда. Байқаудың басты міндеттерінің бірі жас жеткіншектердің шығармашылық ізденістері мен тың бастамаларына қолдау көрсету. Шеберлер додасына еліміздің 100 – ден аса жастары өз еңбегін ұсынуға ниет білдірген. Солардың бірі Сайпиллаев Исламқожа.Ол киелі Арыстан баб кесенесінің макетін пенопласттан жасап шыққан.

Исламқожа Сайпиллаев

қатысушы

Бұл Арыстан баб кесенесі. Мұны істеуге маған 1 аптадай уақыт кетті.Себебі мұның істелуінде бір ерекшелік және біршама қиындықтар бар. Ең қиындығы Арыстан баб кесенеснің кіре беріс жерлерін, оның ою-өрнегін келтіру болды.

Сайыстың екінші кезеңі наурыз айының 5-жұлдызында Аймақтық әлеуметтік -инновациялық университетінде өтеді. Оған шет елдің қатысушылары өз еңбектерін JPG форматта ұсынады. Ал қорытынды кезең Тәжікстанның Пенджикент қаласында наурыздың 25-күні өтеді. Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар Ресейдегі үміткерлермен тікелей байланысқа шығып, өз еңбектерін таныстырды.

Жанар Алтаева

Шымкент қаласы білім бөлімінің бас маманы

Біз бұл жерде балалардың қолмен жасалған көптеген еңбектерін көріп отырмыз. Мынау әр бір еңбек балалардың өз қолымен жасалған. Бұл еңбектердің барлығы ұлттық нақышта ұлттық өрнекпенен жасалған.

Ұйымдастырушылар жас шеберлердің өнерін өзге елдермен бірлесе отырып дамытуды одан әрі жалғастыра бермек. Мәселен келешекте Иран, Қытай, Өзбекстан, Қырғыстан мемлекеттерімен байланыс орнатып, қол өнер бұйымдарын жасау ісін жандандыра түпек.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*