Басты » Редакция таңдауы » Кәріс этносы өкілдерінің Қазақстанға қоныс аударғанына биыл 80 жыл

Кәріс этносы өкілдерінің Қазақстанға қоныс аударғанына биыл 80 жыл

Кәріс этносы өкілдерінің Қазақстанға қоныс аударғанына биыл 80 жыл. Осыған орай „Қазақстандағы кәрістердің энциклопедиясы„ атты кітаптың тұсауы кесілді. Онда қазақ жерінде тұратын кәрістердің тыныс-тіршілігі мен жетістіктері жайлы құнды деректер ұсынылған.

Рухани кештің басы арнайы бейнероликпен ашылды. Онда сұрапыл соғыс кезіндегі кәрістердің қиын тағдыры көрсетілді. Сол кездегі қиын — қыстау заманда кәрістердің көпшілігі негізінен Қызылорда, Алматы мен Талдықорған облыстарын жаппай қоныс аударған. Бүгінде олар еліміздің түкпір-түкпіріне сіңісіп, қазақ еліне адал қызмет етіп жүр.

Динара Сәрсенбаева

тілші

1939 жылғы депортация салдарынан 95 мыңнан астам кәріс қазақ еліне көшірілген болатын. Қаншама қиындықты бастан кешірген кәріс халқын қазақ халқы жылы шырай танытып қарсы алады. Кітапта осы тақырыптар анық жазылған.

Іс-шараға жаңа кітапқа енген азаматтар, аға буын өкілдері мен студенттер қауымы қатысты. Ал кітаптың идея авторы және құрастырушы техника ғылымдардың докторы Пак Иван Тимоеевич қатыса алмады. Дегенмен рухани кеш өте әсерлі өтті.

Пак Роза Викторовна

Кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы

Бүкіл қалай біз көштік. Корей халқы қалай көшті Қазақстан жеріне,қалай өмір сүріп жатыр соның барлығы жазылған.Ол кезде Сталиндік уақыт болған. Сол кезде қазақ халқы өзінің нанымен суымен бөлісіп, корей халқы аман қалды.

Оңтүстікте 9 мыңнан астам кәріс ұлтының өкілдері тұрады. Олар Қазақстанды өз Отаным деп есептейді және елімізді гүлдендіру үшін аянбай еңбек етуде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*