Кәсіпкерлер мен палата мамандары өзекті мәселелерді талқылады - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Кәсіпкерлер мен палата мамандары өзекті мәселелерді талқылады

Кәсіпкерлер мен палата мамандары өзекті мәселелерді талқылады

Кәсіпкерлер өздеріне қажетті ақпаратқа қол жеткізе алмай келеді. Бұл туралы Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы мәлімдеді. Оңтүстікте бизнес өкілдері мен палата мамандары бас қосып, аталған саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Бәйдібек ауданының тұрғыны Ержан Бекеев мал шаруашылығымен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Ол жылқы өсіріп, қой төлдетіп, ата кәсіпті жалғастыруда. Алайда шаруа несие төлеуден көз ашпай отырғанын айтады. Сөзіне сүйенсек, бизнесін бастамас бұрын Агроқаржы серіктестігінен 14,5 пайызбен 24 млн теңге неси алған. Оның 7 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланатын болған. Алайда, 3 жылдан бері талай жерге арыз жазып, бұл жеңілдікке қол жеткізе алмай келеді.

Бұдан бөлек кәсіпкерлер, құжат түгендеуге көп уақыт жоғалтатынын айтады. Сондықтан, құжаттандыру жүйесін бір орталыққа бекітсе деген ұсыныс білдірді. Ал, мамандардың пікірінше кәсіпкерлердің басым бөлігі мемлекеттік қолаулар мен бағдарламалардан бейхабар болып келеді. Сондықтан жұмыс барысында көптеген кедергілерге тап болады.

Биыл Елбасының тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлерге қатысты ірі тексерулер жойылып, профилактикалық бақылауға алынған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*