Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйдің әрлеу жұмысы сын көтермейді

Шымкентте жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйдің әрлеу жұмысы сын көтермейді

Шымкентте жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйдің әрлеу жұмысы сын көтермейді. Бұл қаланың келбетіне кері әсерін тигізуде. Осылай деп шағымданған Нұр отан партиясы саяси бюро кеңесінің мүшелері құрылыс басқармасы басшысының жұмысын сынға алды. Айтуларынша, бұл салада құрылысты жүргізген мердігерге артылар жауапкершілік жоғары болу қажет.

Күнгейде құрылыс саласында атқарылған жұмыс аз емес. Өткен жылы 721 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілген. 8 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Дегенмен бұл салада кемшіліктерде шаш етектен. Мәселен Нұрсәт шағын ауданындағы үйлердің сапасы сын көтермейді дейді, саяси бюро мүшелері. Орын алған қателікті құрылысшылар түзеуге міндетті. Алайда мұндай жауапкершілік тек кепілдік мерзім аяқталғанша мердігердің мойнына артылады.

Бахарам АБДУКАРИМОВ

Облыстық маслихат депутаты

Тұрғындар шағымданып жатыр. Шатыры шатырлайды. Подьездері дұрыс емес деп. Соған іс шара қолданып жатырсыздарма?

Халық қалаулысы Бахарам Абдукаримов Асар мөлтек ауданындағы баспананың сапасын сынға алды. Құттыбек мырза да бұл ақпаратты растады. Тіпті мердігер бүгіннің өзінде кемшілікті түзетуге кірісіп кеткенін жеткізді.

Құттыбек ЖАМАШЕВ

ОҚО құрылыс басқармасының басшысы

Ақауларды жөндеуде. Сонымен қатар мемлекеттік сәуле құрылыс бақылау басқармасы арқылы ол мердігерлерге шара көрілді. Айыппұлдар салынып келісім шарт кепілдік мерзіміне сәйкес жөнделеді.

Нұрсәт шағын ауданында алғаш болып салынған үйлердің қасбеті құртылған. Бұл қаланың келбетіне кері әсерін тигізуде. Өйткені көпқабатты үйлер жолдың бойында орналасқан.

Ал енді 9 этажды үйлерді не істейміз. Олар кепілден шықтыма жоқпа? Әлде біздің келбетімізді сөйтіп көрсетіп тұра береме?

Құрылыс басқармасының басшысы бұл мәселенің туындауына арзан материалдың қолданылуы себеп дейді. Дегенмен жаңадан салынған көк үйлердің құрылыс материалы ерекше. Басқарма басшысы олардың келбеті 20-25 жылға дейін сақталады, деп сендіруде.

Құттыбек ЖАМАШЕВ

ОҚО құрылыс басқармасының басшысы

Кепілдік мерзімі шықпағанның барлығын сол мердігер арқылы істетеміз. Ал кепілдіктен шыққан Нұрсат 1-2 де жол бойындағы үйлерде болып жатыр ондай. Бұл жерде сол әрлеу материалдың қымбатын қолдануға мүмкіндік жоқ болды. Арзан қолжетімді үй салу үшін ең төменгі материалдармен істелген. Көк үйлердің сырт келбеті сақталады. Қанша жылға. 20-25 жылға сертефикат беріледі.

Саяси кеңес бюросының мәжілісінде жер қатынастары саласы бойынша атқарылған жұмыстар жайын сала басшысы баяндап берді. Айтуынша соңғы екі жылда облыс бойынша пайдаланбай жатқан 248 мыңға жуық гектар жер анықталған. Оның 76мыңнан астамы жер қорына қайтарылған. Мамандар алдымен азаматтарға ескерту береді. Егер бір жылда жерді игеруді қолға алмаса, қорға қайтару жұмысы қолға алынады. Бүгіннің 83 мың 200 гектар жерді иеленген күнгейліктер ескертуді елеп, жұмысқа кірісіп кеткен.

Созақбай ӘБДІҚҰЛОВ

ОҚО жер қатынастары басқармасының басшысы

160 мың гектардай жер қайтадан айналымға қосылды. Өткен жылы үкіметтің тапсырмасына сәйкес, барлық аудан қалаларда ауыл ш аруашылық жерлеріне және елдімекен жерлеріне ревизия жас алды. Сол жылдың басынан 1 қыркүйекке дейін жүргізіліп, жалпы шаруалардың қолындағы 4 млн 50 мың гектар және елдімекендегі 8-11 мың гектар жерге құжаттарының рәсімделуі әсіресе жер кадастры, статистика, әділет департаменті деректерімен салыстыру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде мемлекеттік акт алмаған 7206 шаруа қожалықтары анықталыпты. Бұдан басқа жиынға қатысушылар жер кадастріндегі даудың тиылмай жатқанын жеткізді. Нұр отан партиясына күніне осындай мәселені арқалап келетіндер саны 20 дан асып жығылады. Басқарма басшысының айтуынша кадастрдың электрондық картасында мәлімет болмаса, ол жер бос деп есептеледі. Сөйтіп екінші адамға береді екен.

Созақбай ӘБДІҚҰЛОВ

ОҚО жер қатынастары басқармасының басшысы

Бұл легализация кезінде әрікім өзі сызбасын жасап, жерге орналастыру жобасын жасамай таратқан. Ол өзі дайындап әк еледі. Ол 15-30 соттықпа ешкім білмейді. Кадастр легализацияны тегін бәріне рәсімдеп берген. Кейін бірінің үстінен түсуі соның есебінен қалыптасқан. Кадстрмен тәртіп деп жатыр қазір барлығын тексеріп, сотқа барып жатыр. Ол сотпен шешіп жатыр. Қазір арендаға береді 3 жылда салмаса қайтарып алып жатыр.

Мұндай мәселе тек сотқа жүгіну арқылы шешіледі.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*