Басты » Редакция таңдауы » Облыстық „Арай„ байқауының ақтық сыны басталды

Облыстық „Арай„ байқауының ақтық сыны басталды

Мәреге 1 табан жақындағандар, бар жігерлерін салып, жеңіске ұмтылады. Бәсекелестік де басым. Себебі, биыл оларға қойылған талап та өзгеше.

Оңтүстік өнерпаздары, жас таланттарды іріктемекке 15 аудан-қаланы аралады. „Арай„ байқауында бақ сынау үшін 450 үміткер ниет білдірген. Ақтық кезеңге 21 әнші мен 18 іс-шара жүргізушілері жолдама алды. Байқау шарты бойынша, күміс көмейлер жанды дауыста 2 ән орындаулары тиіс. Алғашқысы бас қалаға арналса, кезектісі қазақ композиторларының әндері болуы тиіс. Жүргізушілер, сахна мәдениетін сақтап, тіл тазалығын танытады. Үш тілде еркін сөйлеулері назарға алынады. Ал, олардың өнерлері биыл жаңа форматта бағаланады.

Асылхан ТЕМІРХАНҰЛЫ

ОҚО мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Біз жылда қазылар алқасын бекітетін болатынбыз. Биыл, тәлімгерлер үміткерлерді бағалайтын болады. Себебі, осы тәлімгерлер таңдап әкелді.

Байқауда бақсынағандардың бірі Бағдат Байбалашов. Ол халыаралық, республикалық би би байқауларының жеңімпазы. „Қазына„ би ансамблінің мүшесі. Талантты үміткер, бұл жолы өз мүмкіндігінің шеңберін кеңейтті.

Арай„ байқауы осымен 23 рет ұйымдастырылып жатыр. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық беріледі.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*