Басты » Мұрағат белгісі: оқо

Мұрағат белгісі: оқо

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

61bef160-b412-4719-96da-dc7247a1046f

ОҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен Сағындықов Исатай Өмірзақұлы облыстық білім басқармасының басшысы болып жаңа қызметтің тізгінін ұстады. Жаңа басшыны білім басқармасының ұжымына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Исатай Өмірзақұлы 1960 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша математик, педагогика ғылымдарының кандидаты, төрт тілді меңгерген білікті азамат. Бұған дейін бірнеше мемлекеттегі елшілікте қызмет ...

Әрмен қарай оқу »

ЕГІСТІК ДАҚЫЛДАРЫНА СУБСИДИЯ ӘЛІКҮНГЕ БЕРІЛМЕГЕН

15_08_2-9-mp4_snapshot_00-02_-2017-08-15_17-36-44

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы жыл басынан бері өңір қазынасын 139 млрд теңгемен толтырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 млрд-қа көп. Нәтижесінде, өңірдің республика бойынша үлесі 15,7 пайызды құрап, 2-ші орынға тұрақтады. Бұл мәліметтер „Агросектор„ бағыты бойынша өткен аймақты комиссия мәжілісінде айтылды. 

Әрмен қарай оқу »

МАДИНА САДУОВАҒА КОРЕЯДА ТЕГІН ОТА ЖАСАЛАТЫН БОЛДЫ

01

Жағымды жаңалық!  Осыдан бір ай бұрын арнамызда жол апатына ұшырап, көлікпен бірге өртке оранған Мәдина Садуоваға көмек қажет екені айтылған болатын. Бүгінде ел болып дұға еткен 23 жасар бойжеткенге пластикалық ота жасауға көмек қолын созушылар табылды. Енді ол қыркүйек айының басында Оңтүстік Кореяға операция жасатуға аттанады. Бұл мүмкіндікке Мəдина “Kor al” корей косметологиялық орталығың биыл қолға алған жаңа жобасы аясында қол ...

Әрмен қарай оқу »

ОБЛЫСТА КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІНДЕРДІҢ САНЫ АРТҚАН

14_08_2-5-mp4_snapshot_00-08_-2017-08-14_18-45-52

Өңірде көзі нашар көретін жандардың саны артқан. Мамандар мұның себебін телефон мен компьютердің алдында уақытын тым көп өткізуден көреді. Көз ауруларының алдын алуға білек сыбана кіріскен ақ халаттылар облыстық офтальмологиялық ауруханасында науқастарды тегін тексеруден өткізді.

Әрмен қарай оқу »

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕГЕН ВЕНГРИЯЛЫҚ ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

14_08_2-4-mp4_snapshot_01-16_-2017-08-14_13-20-15

Жансейіт Түймебаев венгриялық делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-саттық, мәдени байланыстар жөнінде сөз қозғады. Өз кезегінде аймақ басшысы қонақтарға Оңтүстіктің экономикалық дамуы жөнінде айтып берді. Әсіресе, шетелдік инвесторларға жасалатын жеңілдіктерді жіпке тізген облыс әкімі венгриялық кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Әрмен қарай оқу »

САРЫАҒАШТА БІР АУЫЛ ЖАППАЙ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАН

11_08_1_2-mp4_snapshot_01-53_-2017-08-11_18-56-08

   Сарыағаш ауданының бес мыңнан астам тұрғыны бар Дарбазар ауылында, қара халық жаппай ауруға шалдығып жатыр. Балаларының басы айналып, мұрындарынан қан кетсе, тексеруден өткен қырық әйелдің омырауынан қатерлі ісіктің белгісі анықталған. Күндіз де, түнде де көшеге шығудан қалдық деп ашынған қара халық осының барлығына себеп, ауыл іргесіндегі шайыр өндіретін зауыттан шығатын зиянды түтіннің әсері, – деп отыр.

Әрмен қарай оқу »

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІН МАРАПАТТАДЫ

11_08_2-5-mp4_snapshot_00-59_-2017-08-11_18-50-56

  Тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні. Кəсіби мереке қарсаңында облыс əкімі Жансейіт Түймебаев құрылыс саласының білікті мамандарын арнайы төс белгі және алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ атаулы күнге орай Шымкентте құрылыс өнеркәсібіндегі жергілікті тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада 80-нен астам кәсіпорын мен ірі құрылыс компаниялары өз өнімдерін жарнамалады.

Әрмен қарай оқу »

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 140 МЫҢ ТҮП ТҰТ АҒАШЫ ӨСІРІЛІП ЖАТЫР

akim

      Бәйдібек ауданында 140 мың түп тұт ағашы өсірілуде. 30 гектар аумаққа егілген ағаштардың әрбірінен шаруа жылына төрт рет жапырақ жинайды. Ал олармен жібек құртын асырау арқылы, нағыз жібек матасын өндірмек. Кәсіпкердің қолға алған бұл шаруасын облыс басшысы арнайы барып көрді. Қолөнершілер қазірдің өзінде жібектен орамал тоқып, қыз келіншектерге арналған сырт киімдердің бірнешеуін тігіп, аудан көлемінде сатылымға шығарған. ...

Әрмен қарай оқу »

СОТТАЛҒАНДАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

10_08_2-14-mp4_snapshot_00-08_-2017-08-11_12-36-19

    Сотталғандар арасында жыл сайынғы жоспарлы спартакиада бастау алды. ИЧ 167/9 Түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер енді бар айға жуық шағын футболдан, қол күресі мен жеңіл атлетикадан бақ сынайды. Аталған шараны Шымкент қалалық спорт және білім бөлімі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Басты мақсат- сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Әрмен қарай оқу »

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ТУҒАН ЖЕРГЕ ЖАНЫ АШЫМАЙТЫН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ШҮЙЛІКТІ

siy-r

     Австрияның ангусы Боралдайды жатсынбайды. Бәйдібек ауданында екі жылдан бері абердин- ангус ірі қара малы өсірілуде. Шаруа болашақта өңірді сапалы етпен қамтымақ. Қазір қымбат мейрамханаларда ғана тапсырыспен алынатын мраморлы етке алдағы уақытта Оңтүстік жұртшылығы оңай қол жеткізетін күндер алыс емес,- дейді кәсіпкер.

Әрмен қарай оқу »