Архивы Шымкент жаңалықтары - Шымкент жаналықтары
Басты » Мұрағат белгісі: Шымкент жаңалықтары

Мұрағат белгісі: Шымкент жаңалықтары

Түркістан облысы ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

r

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымына Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев тағайындалды. Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі журналист, құқықтану. Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі ретінде бастаған. 2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің ...

Әрмен қарай оқу »

Облыс әкімі үздік БАҚ өкілдерін марапаттады

kadr-ot-aa0133-1

Шұғыл әрі шынайы ақпарат таратып, көрерменге салиқалы ой тастап жүрген журналистер қауымына алғысын білдірді. Мерекелік кеште журналистер „Облысқа сіңірген еңбегі үшін” медалімен марапатталып, қошеметке кенелді. Марапат иелерінің арасында ТВК телеарнасының тілшілері бар. Облыстың иммиджін қалыптастыруда тілшілердің алар орны ерек. Қаламын қару еткендер қиындықтан қаймықпай, кез-келген жайттан сескенбейді. Аудан-ауылды аралап, бұқараның базынасын тыңдап, шешуге ұйытқы болады. Облыс әкімімен қыстың суығы, жаздың ...

Әрмен қарай оқу »

Шымкентте менингиттен 2 адам көз жұмған

kadr-ot-aa8795

Шымкентте менингиттен биыл 2 адам қайтыс болып, қауіпті ауруды тағы бірнеше адам жұқтырған. Халықтың денсаулығына алаңдаған ақ халаттылар аурудың алдын алу мақсатында АҚШ – тан білікті мамандарды шақыртты. Шетелден келген дәрігерлер менингиттен емделудің тиімді жолдарын түсіндіріп берді. Менингит ми және жұлынның жұмсақ қабатының қабынуынан туындайтын ауру. Оның көздің бұлдырауы, денеде бөртпелердің пайда болуы, желке тұсы құрысып, науқастың басын шалқайта беру ...

Әрмен қарай оқу »

Шымкентте сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі

zharko-v-gorode

Күн райы ертеңнен бастап өңірде күрт көтеріліп, 43 градусқа дейін қызуы мүмкін. Алдағы демалыс күнге болжам жасаған синоптиктер осылай дейді. Қазгидромед мамандарының сөзінше 29 маусымнан шілденің шіліңгір ыстығы басталды. Аймақтың кей жерлерінде сынап бағанасы 40 градустан асуы мүмкін. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы маусым айы жауын-шашынға толы болды. Мамандардың дерегіне жүгінсек 2017 жылы мамыр айының соңында оңтүстік өңірінде ауа температурасы 40 ...

Әрмен қарай оқу »

Шымкентте құрылысқа қарсы шыққан халық, қала әкімінен көмек күтеді

kadr-ot-aa5821

Шымкентте құрылысқа қатысты шу шықты. Тұрғындар ағашты келісімсіз кесіп, ауланың әп сәтте ойран-топанын шығарған әкімдікті айыптауда. Айтуларынша, Абай ауданының атқамінерлері балалар алаңшасын салудың орнына тар жерге 2 бірдей 5 қабатты үй тұрғызуды жөн көріпті. Алайда, билік басындағылардың жоспары жүзеге аспай қалған. Өйткені, №108 үйдің тұрғындары ағаштарды аяусыз шауып жатқан техниканың жолын бөгеп, жұмысшыларды қуып шыққан. Тіпті ашуға мінген ағайынды сабырға ...

Әрмен қарай оқу »

Шымкент республикалық маңызы бар қалалар қатарына қосылады

kadr-ot-aa1621-2

Шымкент республикалық маңызы бар қалалар қатарына қосылады. Бұл атақты алуға Нұрлан Сауранбаевтың командасы сақадай сай. Әрі жергілікті тұрғындардың саны мен шахар аумағыда мегополис дәрежесіне лайық. Шымкентке жаңа статус беру мәселесі бүгін қала мәслихатының кезекті сессиясында қаралды. 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентті еліміздегі үшінші қалаға айналдыру туралы айтқан болатын. Сол уақыттан бастап, биліктегілер шахардың бас жоспарын бекітіп, халық санын арттыруға кірісті. ...

Әрмен қарай оқу »

„Бір кітап-бір сурет байқауы„ өз мәресіне жетті

kadr-ot-30_11_2-10-mp4

Оқушылар арасында өткен „Бір кітап-бір сурет байқауы„ өз мәресіне жетті. Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған болатын. Сайыста қала мектептерінің үмітін арқалаған 127 оқушы өнер көрсетті. Олар сурет салу, ән айту, қара өлең оқу және эссе жазу бойынша бақтарын сынады. Байқауда әділ қзылардың көңілінен шыққандардың бірі Нұрболат Момынов. №90 мектептің 11-сынып оқушысы Эссе жазу сайысында жеңімпаз атанды ...

Әрмен қарай оқу »

ЛЮБОВЬ ТКАЧЕВА: “БАЛАМНЫҢ ӨЛІМІНЕ ДӘРІГЕРЛЕР КІНӘЛІ”

14_11_2-5-mp4_snapshot_00-48

Ақ халаттылардың салғырттығынан жаңа туған сәби көз жұмды. Қайғыдан қан жұтқан Любовь Ткачова осылай деп арнамызға арызданды. Айтуынша, ай-күні жетіп, перзентханаға келген жас анаға дәрігерлер дұрыс қарамапты. Соның салдарынан, құрсақтағы нәрестемнен айрылдым,-дейді ашынып. Дегенмен, дәрігерлер бұл айыптауларды жоққа шығарып, баланың денсаулығында кінәріт болғанын айтып ақталуда. – «Үйде кішкентай бала болады деп үміттеніп жүргенбіз. Ал олар біз баланың неден өлгенін білмейміз ...

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТ-АСТАНА БАҒЫТЫНДАҒЫ ҰШАҚТЫҢ ЖОЛАУШЫСЫ ҚАЗА БОЛДЫ

92c2606b4bf666fa4414bd36957c30ce_resize_w_830_h_465

Шымкент-Астана бағытындағы ұшақтың жолаушысы қаза болды. Оқиға 13 қараша күні сағат 12:00 шамасында орын алған. «Air Astana» компаниясына тиесілі әуе кемесі 352 бағыт бойынша Елордаға аттанған. (сурет ғаламтордан алынды) Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін, жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініпті. Өкінішке орай, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған. Сөйтіп, ұшақ шұғыл түрде кері қайтқан. Ал, әуежай қызметкерлері дереу ...

Әрмен қарай оқу »

ОТАНДЫҚ СӘНГЕРЛЕРДІҢ КИІМДЕРІ ҚОЛАЙЛЫ БАҒАМЕН САТЫЛЫП ЖАТЫР

10_11_2-16-mp4_snapshot_00-04

Сән қуған сымбаттылардың назарына! Шымкентте үш күн қатарынан отандық дизайнерлердің көрмесі өтеді. Осымен жетінші рет ұйымдастырылған шарада отандық сәнгерлердің қолынан шыққан ерекше киім үлгілерін сатып алуға болады. Еліміздің дизайнерлерін қолдауға арналған көрмені „POP UP STORE„ дизайн студиясы ұйымдастырып отыр. Отандық дизайнерледің сәнді киімдері жергілікті ойын сауық орталықтарының біріне қойылған. Онда 30 дан астам отандық сәнгерлердің жүздеген киім үлгілері көпшілік назарына ...

Әрмен қарай оқу »