Басты » Мұрағат белгісі: ТВК

Мұрағат белгісі: ТВК

ШЫМКЕНТТЕ “ӨЛГЕН” АДАМ “ТІРІЛІП” КЕТТІ

trup-mp4_snapshot_00-21_-2017-08-18_12-40-11

Шымкенттің Самал-3 шағын ауданында келеңсіз жағдай орын алды. Қираған үйде дәрет сындырмақ болған екі азамат, ғимарат ішінде жатқан адамды байқаған. Қимылсыз жатқан денені көргендер- бірден полицяға хабарласыпты. Қызық- оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткенде басталған. Өйткені өлдіге саналған азамат ұйқысынан оянып жиналғандардың зәресін алыпты. Сөйтсе, ащы судан ұрттап алған ол-әйелімен ренжісіп қалған екен. Кейін ұйқысын қандырып алу үшін қираған үйге кірген.

Әрмен қарай оқу »

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

61bef160-b412-4719-96da-dc7247a1046f

ОҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен Сағындықов Исатай Өмірзақұлы облыстық білім басқармасының басшысы болып жаңа қызметтің тізгінін ұстады. Жаңа басшыны білім басқармасының ұжымына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Исатай Өмірзақұлы 1960 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша математик, педагогика ғылымдарының кандидаты, төрт тілді меңгерген білікті азамат. Бұған дейін бірнеше мемлекеттегі елшілікте қызмет ...

Әрмен қарай оқу »

МАДИНА САДУОВАҒА КОРЕЯДА ТЕГІН ОТА ЖАСАЛАТЫН БОЛДЫ

01

Жағымды жаңалық!  Осыдан бір ай бұрын арнамызда жол апатына ұшырап, көлікпен бірге өртке оранған Мәдина Садуоваға көмек қажет екені айтылған болатын. Бүгінде ел болып дұға еткен 23 жасар бойжеткенге пластикалық ота жасауға көмек қолын созушылар табылды. Енді ол қыркүйек айының басында Оңтүстік Кореяға операция жасатуға аттанады. Бұл мүмкіндікке Мəдина “Kor al” корей косметологиялық орталығың биыл қолға алған жаңа жобасы аясында қол ...

Әрмен қарай оқу »

ОБЛЫСТА КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІНДЕРДІҢ САНЫ АРТҚАН

14_08_2-5-mp4_snapshot_00-08_-2017-08-14_18-45-52

Өңірде көзі нашар көретін жандардың саны артқан. Мамандар мұның себебін телефон мен компьютердің алдында уақытын тым көп өткізуден көреді. Көз ауруларының алдын алуға білек сыбана кіріскен ақ халаттылар облыстық офтальмологиялық ауруханасында науқастарды тегін тексеруден өткізді.

Әрмен қарай оқу »

ОҢТҮСТІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН КӨШ БАСТАП ТҰР

14_08_2-7-mp4_snapshot_02-21_-2017-08-14_18-39-12

Соңғы алты айда күнгейдің макроэкономикалық көрсеткіші артқан. Тіпті облысқа инвестиция тарту көрсеткіші республика бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы баспасөз жиынында есеп берген облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді. Айтуынша, өңірдің өңдеу өнеркәсібі көлемі 250 млрд теңгені құрапты. Осылайша макроэкономикалық көрсеткіште оң серпін байқалған.

Әрмен қарай оқу »

ШЫМКЕНТТЕ МОДЕРНИЗАЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ ТАҒЫДА ШУ ШЫҚТЫ

14_08_2-9-mp4_snapshot_02-01_-2017-08-14_14-28-01

Шымкентте модернизацияға қатыста тағыда шу шықты. Бұл жолы Түркістан көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары, тиісті мекеме өкілдерінің тірлігіне наразы. Айтуларынша, жауаптылар халықтың рұқсатынсыз шатырды ауыстырып жатыр екен. Ал екіжақты келісімнің жоқтығын айтқан жұрт құрылысқа бөлінген 8 млн теңгені төлемейміз деп отыр.

Әрмен қарай оқу »

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЕРКІН СӨЙЛЕГЕН ВЕНГРИЯЛЫҚ ҚОШЕМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

14_08_2-4-mp4_snapshot_01-16_-2017-08-14_13-20-15

Жансейіт Түймебаев венгриялық делегацияны қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-саттық, мәдени байланыстар жөнінде сөз қозғады. Өз кезегінде аймақ басшысы қонақтарға Оңтүстіктің экономикалық дамуы жөнінде айтып берді. Әсіресе, шетелдік инвесторларға жасалатын жеңілдіктерді жіпке тізген облыс әкімі венгриялық кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Әрмен қарай оқу »

САРЫАҒАШТА БІР АУЫЛ ЖАППАЙ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАН

11_08_1_2-mp4_snapshot_01-53_-2017-08-11_18-56-08

   Сарыағаш ауданының бес мыңнан астам тұрғыны бар Дарбазар ауылында, қара халық жаппай ауруға шалдығып жатыр. Балаларының басы айналып, мұрындарынан қан кетсе, тексеруден өткен қырық әйелдің омырауынан қатерлі ісіктің белгісі анықталған. Күндіз де, түнде де көшеге шығудан қалдық деп ашынған қара халық осының барлығына себеп, ауыл іргесіндегі шайыр өндіретін зауыттан шығатын зиянды түтіннің әсері, – деп отыр.

Әрмен қарай оқу »

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІН МАРАПАТТАДЫ

11_08_2-5-mp4_snapshot_00-59_-2017-08-11_18-50-56

  Тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні. Кəсіби мереке қарсаңында облыс əкімі Жансейіт Түймебаев құрылыс саласының білікті мамандарын арнайы төс белгі және алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ атаулы күнге орай Шымкентте құрылыс өнеркәсібіндегі жергілікті тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шарада 80-нен астам кәсіпорын мен ірі құрылыс компаниялары өз өнімдерін жарнамалады.

Әрмен қарай оқу »

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 140 МЫҢ ТҮП ТҰТ АҒАШЫ ӨСІРІЛІП ЖАТЫР

akim

      Бәйдібек ауданында 140 мың түп тұт ағашы өсірілуде. 30 гектар аумаққа егілген ағаштардың әрбірінен шаруа жылына төрт рет жапырақ жинайды. Ал олармен жібек құртын асырау арқылы, нағыз жібек матасын өндірмек. Кәсіпкердің қолға алған бұл шаруасын облыс басшысы арнайы барып көрді. Қолөнершілер қазірдің өзінде жібектен орамал тоқып, қыз келіншектерге арналған сырт киімдердің бірнешеуін тігіп, аудан көлемінде сатылымға шығарған. ...

Әрмен қарай оқу »