Басты » Мұрағат белгісі: ТВК Шымкент

Мұрағат белгісі: ТВК Шымкент

“АЛТЫН ДӘН” ОҚУШЫЛАРҒА МЕКТЕП ФОРМАСЫН АЛЫП БЕРДІ

22_08_2-12-mp4_snapshot_00-10_-2017-08-22_18-22-03

Қайырымды жандардан қамқорлық! Шымкентте 125 оқушы тегін мектеп формасына қол жеткізді. Әртүрлі әлеуметтік топтағы балаларға демеушілік жасаған “Алтын Дән” компаниясы. Мұндай шараны алты жылдан бері жасап келе жатқан кәсіпорын қаладағы тігін фабрикаларының бірімен келісімге отырған. Оқушылар ине жіптен жаңа шыққан формаларын алуға ата аналарымен арнайы келді.

Әрмен қарай оқу »

ӘКІМДІК ӘЛІКҮНГЕ “ЖАБАЙЫ САУДАМЕН” КҮРЕСІП ЖАТЫР

22_08_2-14-mp4_snapshot_01-14_-2017-08-22_18-16-43

Талай рет жасалған ескертуге құлақ аспаған саудагерлер бүгін сан соғып қалды. Бірнеше жылдан бері, жабайы сауданың көрігін қыздырып келген “Қырғы базар” маңындағы сатушылар үйреншікті орындарынан бір- бірлеп шығарылды. Бұл жолы Әль Фараби аудандық әкімдігі іске мықтап кірісті. Бірінің сөзі бірінің өзі жақсы деместен, жаймаларды жаппай тас талқан етті. Ал осы уақытқа дейін жылы орынынан қозғала қоймаған саудагерлер, тағы да аздаған ...

Әрмен қарай оқу »

ЖОЛДЫҢ ЖЫРЫ БИЫЛДА БІТПЕЙТІН БОЛДЫ

22_08_2-10-mp4_snapshot_00-10_-2017-08-22_18-07-03

“Батыс Қытай- Батыс Еуропа” автодәлізінің Шымкент- Тараз және Шымкент -Ташкент бағытындағы жолының құрылысы биыл да аяқталмауы мүмкін. Себебі, онда бірқатар кемшіліктер анықталып, тіпті кейбір мердігер компаниялармен келісім-шарт үзілген. Ал, Шымкент- Қызылорда бағыты жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 

Әрмен қарай оқу »

СУ СПОРТЫ КЕШЕНІ САТЫЛҒАН ЖОҚ

22_08_2-2-mp4_snapshot_00-33_-2017-08-22_18-01-56

Орталық су спорты кешені жеке меншікке өткен жоқ. Елбасының жаңа бағдарламасы бойынша кешен сенімгерлік басқармасына сеніп тапсырылды. Өткен аптада осы ғимаратты сенімгерлікке беру мақсатында тендер ойнатылған болатын. Бастапқыда 1 миллиард 213 миллион теңгеге бағаланған хауыз нәтижесінде 1,5 миллиардқа сатылды. Әзірге кешенді кім алғаны белгісіз. Спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының айтуынша кешен арнайы талаптар бойынша сенімгерлікке тапсырылған. Ондағы басты ережелер қатарында ...

Әрмен қарай оқу »

ПОЛИЦЕЙ ҚЫМБАТ КӨЛІГІМЕН АДАМ ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ

22_08_2-19-mp4_snapshot_00-11_-2017-08-22_17-46-24

Шымкентте полиция қызметкері бүтіндей бір отбасын көлігімен соғып кетті. Қайғылы жағдай 18 тамыз күні Жібек жолы даңғылында орын алған. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 37 жастағы азамат қаза тапқан. Ал оның 36 жастағы әйелі мен 7 жастағы ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды.

Әрмен қарай оқу »

ОТЫРАРҒА ТУРИСТЕР НЕГЕ КЕЛМЕЙДІ?

21_08_2-13-mp4_snapshot_02-08_-2017-08-21_14-18-40

Тарих беттерінде ойып алар орны бар Отырар ауданына туристер аз келеді. Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің кіндік қаны тамған жерге айына бар жоғы 50-60 адам саяхаттайды екен. Бұл жағдай шетелдіктерді былай қойғанда, ішкі туризмнің дұрыс жолға қойылмағанына дәлел. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Шымкенттегі «Жастар ресурстық орталығы» студенттерді жинап тарихи өлкеге аттанды.

Әрмен қарай оқу »

ПЫШАҚ ЖАРАҚАТЫН АЛҒАН ЖҮРГІЗУШІ АУРУХАНАҒА ӨЗІ КЕЛГЕН

00152-mts_snapshot_00-05_-2017-08-21_13-44-56

Оқиға түнгі сағат 1 лер шамасында орын алған. Куәгерлердің сөзінше «Нексия» автокөлігінің жүргізушісіне белгісіз біреу пышақ жарақатын салып, қашып кеткен. Ал, қансыраған азамат машинасын тізгіндеп ауруханаға жетіпті. Көп қан жоғалтқанына қарамастан жүргізуші ақ халаттылардың алдына өзі келген. Бірақ, көлік ішінен түсуге шамасы келмей, айқайлап көмек сұрапты. Абырой болғанда сол маңдағы адамдар оның дауысын естіп, жәрдем берген. Сөйтіп, оған алғашқы медициналық ...

Әрмен қарай оқу »

“АВТОМАТТЫҢ ОҒЫН” БАЗАРДА АШЫҚ САУДАЛАҒАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

whatsapp-image-2017-08-21-at-10-41-15

Шымкентте автоматтың оғын ашық саудалаған әйел ұсталды. Куәгерлердің айтуынша азаматша қаладағы «Крытый рынок» базарында екі түрлі калибрлі оқты саудаға салған. Дегенмен, «оғаш тауардың» бағасы мен сатып алуға қызығушылық танытқандар жөнінде ақпарат жоқ. Сонымен қатар, бұл оқтардың қайдан және қандай жолмен келгеніде белгісіз. Белгілісі полиция қызметкерлері осыдан бірнеше күн бұрын саудагерді қолға түсірген. Бейресми ақпарат бойынша одан 83 дана оқ тәркіленіпті. ...

Әрмен қарай оқу »

“ЛАДУШКИ” ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ “ТОСЫН СЫЙ” ДАЙЫНДАП ЖАТЫР

18_08_2-10-mp4_snapshot_00-00_-2017-08-18_20-15-02

Алдағы демалыс күнін „Ладушки„ мейрамханасында естен кетпестей етіп өткізуге болады. Өйткені алдағы сенбі, жексенбіде мұнда кофенің 10-ға жуық қайталанбас түрінен дәм татуға кеңес береміз. Мейрамхана шымкенттіктерді шетелдік дәмді әрі хош иісті кофемен сусындату үшін Алматыдан арнайы барист маманын шақырған.

Әрмен қарай оқу »

ОРДАБАСЫНЫҢ ОЙЫНЫНА ШАМ ЖАҒУ ҚАЖЕТ ЕМЕС

18_08_2-8-mp4_snapshot_00-04_-2017-08-18_20-08-08

Қажымұқан атындағы орталық алаңдағы жарықшамды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Еске сала кетейік, аталмыш стадиондағы жарықты қайта қалпына келтіру өткен айда басталған еді. УЕФА талабы бойынша орнатылып жатқан шамдар 5 қыркүйекке дейін тапсырылуы қажет. Дегенмен стадион директоры биылғы жылдың бірде бір ойыны алаңда өтпеді деп қынжылады.

Әрмен қарай оқу »