Басты » Мұрағат белгісі: ТВК ТЕЛЕАРНАСЫ (парақша 30)

Мұрағат белгісі: ТВК ТЕЛЕАРНАСЫ

САНИТАРЛЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ КӨМЕГІНЕ МҰҚТАЖ ӘЙЕЛ КӨЗ ЖҰМДЫ

09_10_2-20-mp4_snapshot_00-56_-2017-10-09_17-37-37

Санитарлық авиация көмегіне зәру болған келіншек 8 қазан күні жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Алтыншы сәбиін өмірге алып келген ана, 2015 жылдан бері бауыр ауырумен арнайы есепте тұрған. Түркістан қаласының тумасы 16 қыркүйек күні босанған. Ал облыстық ауруханаға 2 қазанда ауыр жағдайда келіп түскен еді. Жергілікті дәрігерлер содан бері қолдан келген ем-домын жасаған. Дегенмен, ақхалаттылар алтыншы баласын дүниеге әкелген 30 ...

Әрмен қарай оқу »

ОҢТҮСТІКТЕ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БОКС МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

09_10_2-13-new-mp4_snapshot_00-31_-2017-10-09_17-27-44

Алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық талаптарға сай жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Пайдалануға берілген №5ші бокс мектебінде әлемдік деңгейдегі спорттық шараларды өткізуге мүмкіндік туды. Астана, Алматы қалаларынан кейін Шымкентте бой көтерген мектептің лентасын аймақ басшысы арнайы барып қиды. Заманауй спорттық құрылғылармен жабдықталған мектепте 1000 балаға дейін еркін жаттығуға мүмкіндіктері бар. Жаттығулар бөлмелерінен өзге, медицина кабинеті, монша, кәсіпқой бокс кешені мен ...

Әрмен қарай оқу »

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЕКІ АЙҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

09_10_2-18-mp4_snapshot_01-12_-2017-10-09_17-15-49

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы екі айға қамауға алынды. Оған параны қорқытып алу бабымен айып тағылуда. Естеріңізге сала кетейік, 6 қазан күні мемлекеттік қызметкер Болатбек Төлеген жүргізушісі арқылы 600 мың теңге пара алу барысында ұсталған болатын. Қолдағы бар ақпаратқа сүйенсек, басқарма басшысы параны ақпараттық қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың ақысы ретінде алған. Сондай ақ, ол 2,1 млн теңге пара ...

Әрмен қарай оқу »

ӘДІЛДІК ІЗДЕГЕН АНА “НҰР ОТАННАН” КӨМЕК СҰРАДЫ

09_10_2-9-mp4_snapshot_00-12_-2017-10-09_14-50-18

Кісі өлтірді деген айыппен екі айға қамауға алынған азаматтың анасы сот сарапшыларының жұмысына күманданады. Сайрамдық Шапағат Мухидинованың ұлын қасақана өз әйелін өлтірді деген айыппен уақытша қамауға алған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі де жалғасып жатқанмен 52 жасар ана, сарапшылар шығаратын қорытындымен ұлы сотталып кете ме деп алаңдайды. «Нұр Отан» партиясының кезекті қоғамдық қабылдауында онға жуық азаматтың арыз шағымдары қаралды. Оның ...

Әрмен қарай оқу »

МҰҚАН ЕГІЗБАЕВ: “ҚАТЕРЛІ ІСІК ТЕК БІР ӘЙЕЛДЕН ТАБЫЛДЫ”

09_10_2-14-mp4_snapshot_00-02_-2017-10-09_14-37-33

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Дарбаза ауылындағы 40 әйелдің омырауынан қатерлі ісіктің белгісі анықталды деген ақпаратты теріске шығарды. Ресми мәлімдеме жасаған Мұқан Егізбаевтың сөзінше жуырда өңірден арнайы комиссия құрылып, ауданда медициналық тексеру жұмыстарын жүргізген. Осыдан екі ай бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының бес мыңнан астам тұрғыны бар Дарбаза ауылында шу шыққан еді. Жаппай ауруға шалдығып жатырмыз деп шағымданған қара халық балаларының басы ...

Әрмен қарай оқу »

АУЫЛҒА БАРАТЫН ДӘРІГЕР 1 МЛН ТЕҢГЕ АЛАДЫ

09_10_2-7-mp4_snapshot_00-15_-2017-10-09_14-27-07

2018 ден бастап дәрігерлерге көрсетілетін материалдық көмек мөлшері 1 млн теңгені құрайтын болады. Алайда, дипломмен ауылға бағдарламасының келісім шарты 3 жылдан 5 жылға дейін созылады. БАҚ өкілдерінің алдында есеп берген Мұқан Егізбаев, шахарда емес, шалғайда еңбек ететін ақхалаттыларға бар жағдайды жасаймыз деді. Бала өлімінің көрсеткіші бойынша Оңтүстік республикада үшінші орында. Ал ана өлімі алғаш рет биыл екі есеге, яғни 41,7 ...

Әрмен қарай оқу »

“ЕРКІНДІГІМ-ЕЛДІГІМ” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

09_10_2-2-new-mp4_snapshot_00-24_-2017-10-09_14-19-26

Шымкентте „еркіндігім — елдігім„ республикалық байқауының жеңімпазы анықталды. Бас жүлде Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының, мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың туындыларын шебер орындаған Өсербай Бөріхановқа бұйырды. Талантты әнші, бала күнінен өнер айдынында қалықтап, түрлі байқауларда бақ сынап, қаншығасын жүлделермен толықтырған. Халық әндерін айтып, төл өнерді дәріптеп келеді. 3 жылдан бері Шәмші Қалдаяқов атындағы ОҚО филармониясында қызметеді. Байқауда бақ сынауға 18 ...

Әрмен қарай оқу »

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАҒЫ 116 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

09_10_2-10-mp4_snapshot_01-20_-2017-10-09_14-10-01

Оңтүстікте баспанасыз жандардың саны 675- ке азайды. „Нұрсәт„ және „Тұран„ шағын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлер әскерилер мен мемлекеттік және бюджеттік қызметтегі азаматтарға табысталды. Алайда, баспаналы болатындардың қатары мұнымен бітпейді. Пәтер кілттерін өз қолымен табыстаған Жансейіт Түймебаев жыл соңына дейін әлі 116 тұрғын үйдің пайдалануға тапсырылатынын айтып қуантты. Сенбі күні Шымкенттің қос бірдей мөлтекауданында қуанышты жағдай орын алды. Көпшіліктің қуанышына ортақтасуға ...

Әрмен қарай оқу »

ЖАҢА КОДЕКС САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙДЫ

06_10_2-14-mp4_snapshot_01-20_-2017-10-09_13-54-36

Адал бизнеске арналған кодекс. Оңтүстікте жаңа салық кодексі таныстырылды. Еліміздің салық төлеушілер қауымдастығы жаңа жобаны түсіндіру мақсатында өңіраралық көшпелі семинар ұйымдастырған. Жаңа құжаттың көздегені – кәсіпкерлердің жүгін жеңілдету. Құжатқа сәйкес салықтық өзгерістер идеологиясы адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталады. Барлық түсініксіз және олқы тұстар салық төлеушілердің пайдасына шешіледі екен. Бұдан өзге жаңа кодексте тау-кен саласы үшін үстеме пайда салығын алып ...

Әрмен қарай оқу »

БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДЫ ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ӨТЕЙТІН БОЛДЫ

06_10_2-12-mp4_snapshot_00-48_-2017-10-06_18-43-50

Ан 28 ұшағы апатынан қаза тапқан азаматтардың отбасына берілетін өтемақыны әуе компания толығымен өтейтін болды. Бұл туралы «East Wing» компаниясының директоры Виталий Масалитин мәлімдеді. Компания басшысы мәйітті тасымалдау және жерлеу рәсіміне кеткен шығынды өз мойнына алғанын алға тартады. Ал, санавиация ұшып бармақшы болған әйел әлі күнге дейін жасанды тыныс алдыру аппаратымен жан сақтау бөлімінде жатыр. 3 қазан күні апат болған ...

Әрмен қарай оқу »